meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Түйе туралы  ✍️


Басқа: 11
Мақал-мәтелдер жинағы: 78
Жұмбақтар жинағы: 45
Балаларға арналған тақпақтар: 15
Ақын өлеңдері жинағы: 30
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 9
Эсселер жинағы: 1

Түйе деген жануар,
Түзде жүрсе семірер.
Тіздеп қойса аяғын
Тұзға қарай емінер.
Көшпелі елге — түйе қол,
Жылқылы елге — бие қол.
Түйе мінген,
Тайлақ мінгенге күлмейді.
Жол үлкендікі,
Жүк түйенікі.
Жаман түйе жабуын жер,
Жазының қабуын жер.
Түйе тулап, жүктен құтылмайды.
Түйе қоң алмай — оңалмайды.
Артқы түйенің жүгі ауыр.
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз.
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
Түйенің танығаны жапырақ.
Жабу қисық емес,
Түйе қисық.
Көтерем деп түйеден безбе,
Салтанатың емес пе?!
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе?!
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Түйенің үлкені
Көпірден таяқ жейді.
Түйе бойына сеніп
Жылдан құр қалған.
Түйесін қу бас десең,
Иесіне тиеді.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жұт болар.
Жуас түйе
Жүндемекке жақсы.
Түйе тұзға келеді,
Күйеу қызға келеді.
Қуырдақтың әкесін
Түйе сойғанда көрерсің.
Көрмес түйені де көрмес.
Құданың түйесін сұра, қорыққанынан биесін берер.
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
Түйе көп болса, жүк симас.