Дұшпан туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 61
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 62
Қанатты сөздер жинағы: 34
Әңгімелер жинағы: 4

Дұшпан күле кіріп,
Күңірене шығар.
Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің..
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Дұшпанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.
Достан сырыңды жасырма,
Дұшпанды басыңнан асырма.
Етектен кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Қамысты бос ұстасаң,
Қолыңды кеседі.
Қасыңды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.
Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалдырарсың.
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сырыңды алдырарсың.
Досыңның пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.
Дастарханның басында дұшпан да дос.
Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.
Доспен дос болғанша шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.