Ауру туралы  ✍️


Басқа: 20
Мақал-мәтелдер жинағы: 92
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 32
Қанатты сөздер жинағы: 27
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 17
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Эсселер жинағы: 1

Ауруың қайда болса, жаның да сонда.
Ауруын жасырған өледі.
Ағайынын жасырған бүлінеді.
Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.
Ауырған жерден қол кетпес,
Сүйген жерден көз кетпес.
Бір молданың басы ауырса,
Бар молданың басы ауырмас.
Шоқай кисе, аяқ ауырмайды.
Тоқым жапса, ат жауыр болмайды.
Шапалақ жесе, шайтан да ауырады.
Алтын беріп,
Ауру алды.
Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
Ауру қалады, әдет қалмайды.
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
Ауру кетеді, мінез кетпейді.
Досың ауырса, ыңқылда.
Саудың асын ішіп,
Аурудың сөзін сөйлейді.
Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Ауру желмен келiп, термен шығады.
Ауру атанды да шөктірер.
Бас ауырса жан қорқады.
Қай жерің ауырса,
Жаның сол жеріңде.
Қодастың еті
Қырық жылғы ауруыңды қозғайды.