meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Адам туралы  ✍️


Басқа: 7
Мақал-мәтелдер жинағы: 543
Жұмбақтар жинағы: 26
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 462
Жаңылтпаштар жинағы: 9
Қанатты сөздер жинағы: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер жинағы: 56
Ертегілер жинағы: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 5
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 3

Қайғысы жоқ адамға
Қара көже балмен тең.
Қайғысы көп адамға
Кең дүние жармен тең.
Адам сыртқы көрінісімен қарсы алынады,
Ішкі дүниесімен шығарып салынады.
Адам ең қатты сүйіктісін,
Ең жақсы түрде жанұясын,
Ең ұзақ анасын жақсы көреді.
Қажып жүрген адамға,
Қарсы алдынан шыққан ит,
Қасқыр болып көрінер.
Адам қырықта - қылау, елуде - елік.
Адамның жүрген жері - абат.
Адамның жүрген жері - гүлстан.
Адам зоры - тоғын,
Жылқының зоры - соғым.
Адамға адам керек әрбір жайда.
Адамға тойымшылық керек.
Адам көпке, мал шөпке тоқтайды.
Адам - ала, мал - құла.
Адамды кейде баршылық сынайды,
Кейде жоқшылық сынайды.
Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді.
Адам жаманнан жиренбей,
Жақсыны үйренбейді.
Жан ашыры жоқ адам
Жал-құйрықсыз атпен тең.
Адам - түп ата, Хауа - түп ана.
Адам адамға, жан кеудеге мейман.
Адам — тастан қатты,
Гүлден нәзік.
Айнаға қарап емес,
Адамға қарап түзел.
Адамның жүзіне емес, сөзіне бақ.
Адамның сұлулығы шыншылдығында.
Ұяттан адам өлмейді, сағы сынады.
Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.