Ұры туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 59
Жұмбақтар жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 21
Қанатты сөздер жинағы: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 42
Ертегілер жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 5
Аңыздар жинағы: 4

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.
Қасқыр мен ұры мінездес:
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес:
Екеуі де күнді аңдиды.
Ұры байымайды,
Сараң семірмейді.
Ұры ұрлығын қойса да,
Ұры аты қалмайды.
Адам тілінен жазады,
Ұры ізінен жазады.
Ұры азығы мен бөрі азығы.
Ұрының қатыны өзіне лайық.
Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.
Ұры бір түнде — бай,
Бір күнде — кедей.
Аты шулы ұры аштан өлер.
Ұрыны ұры ұрмай-соқпай ұстайды
Барымташының басы бодаудан,
Ұрының басы төлеуден шықпайды.
Әңгіме жолдан қалдырар,
Жолсыздық ұрыға алдырар.
Молдамен жолдас болсаң, намазың қаза болмас.
Ұрымен жолдас болсаң, қазаның таза болмас
Атақты ұры аштан өледі