Ас туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 370
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 23
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 13
Ертегілер жинағы: 1

Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?
Алдыңа ас тартса,
Атаңның құнын көш.
Астың тұзын татқан біледі.
Қазан асулы,
Ас пісулі.
Ас – иесімен қадірлі,
Бас – миымен қадірлі.
Арам тамақ ас болмайды.
Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?
Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.
Аз асқа табақшы болма.
Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме
Қасықпен ас берген,
Сабымен көз шығарар.
Асым аз болса да,
Басым тыныш болсын.
Ауызы асқа тигенде,
Тұмсығы тасқа тиді.
Әр астың өз қасығы бар.
Екі аспаз ас пісірсе,
Аш қалдым дей бер.
Басын ойламай,
Асын ойлайды.
Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.
Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.
Айдабол, ас ішкенде пайда бол.
Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.
Әр жеген асқа,
Қажет екен ақша.
Жарлылықта жақсы екен, жатып ішер ас болса.
Жаманға ас берсең үйіңнен шықпайды,
Өлікке ас берсең түсіңнен шықпайды.
Ішкен мас, жеген тоқ.
Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.