Мал туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 163
Жұмбақтар жинағы: 7
Балаларға арналған тақпақтар: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 57
Жаңылтпаштар жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 43
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 12
Ертегілер жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме,Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге. 
©  Қазақтың би-шешендері
Әдет құшағында
Әбілбайдың үйі абыр-сабыр болды да қалды: Әбекеңнің өзі тұрып төр алдындағы тері көрпесін сілкіп салды. Қатыны Жамал есік жақтағы шылапшын-құманын..
©  Бейімбет Майлин
Айт күндері
— Айт құтты болсын!
— Айтсын, жақсылығы бірге болсын!
— Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді..
©  Бейімбет Майлин
Наурыз тілегі
Біреуім екеу болып, мал қосылды,Қорама жүз-жүз лақ, қозы толды.Ызғарлы, қыс-зымыстан,суық кетіп,Аспаннан күн күлімдеп, шырай [қонды] енді.Ұзамай қар..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Арыңды сақта, болсаң да малға кедей. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Малсыз дала
Кең дала, қалдың адыра көркің кетіп,Жұрт қалып мал жаюдан өрістетіп.Әр сайда қора менен мола қапты,Иесіз тау, елсіз қыстау, - барсаң жетіп.Қой ..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы
Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы,Жігітті жібермейді малдың азы.Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,Тыятын болмаған соң мықты қазы.Сөзі бар замандастың..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Мал өсірген аймаққа
Төрт түлікті өсірген,Тұнық суды кешірген,Колхоздағы ерлерім!Құтты болсын съезгеБасты қосып келгенің;Малды өсірген, өргізген,Шалғынды шалып..
©  Жамбыл Жабаев
Тәйті мен Шыбыл шалға
Қажыдан кеше ғана келді дерек,Союға мал, шашуға ақша керек.Тәйтекем, ұжмақтан орын тапты,Қаза тауып, жарықтық, елден ерек.
Ақшаңды шаш, ағайын..
©  Жамбыл Жабаев
Жарқынбай
Жарқынбай дәулетімен «қадірлі» адам,Болса да көрдей соқыр, нағыз надан.Мал мақтатпай қоя ма өтірік-ақ,Ақыл, ойсыз болса да малдан..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге. 
©  Бұқар жырау
Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?! 
©  Бұқар жырау
Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан. 
©  Бұқар жырау
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. 
©  Бұқар жырау
Арғымақтың жалы жоқ — жабылар жалымен теңесер,Жақсылардың малы жоқ — жамандар малымен теңесер. 
©  Бұқар жырау
Байдың малын көтерме: тайып кетсе табаның, шашыңды берсе жетер ме?! 
©  Бұқар жырау
Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жарлы бай
Бір күні Жарлы отырып ойға қалды,Байларға кейбір сараң көзін салды.«Ішіп-жеді, рақатын көрмеген соң,Не керек, - деді, - жиып пұл мен..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Нәбек аты
Арабтың Нәбек деген жалғыз аты -Сол екен болған малы, мүлкі, заты.Озбайтын шапса жылқы асқан жүйрік,Бітпеген өзге аттарға түр-сипаты.Күн сайын..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Байлықты малдан емес, адамнан іздеген жөн болмақ. 
©  Ғабит Мүсірепов
Мал жимақ
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.Арың сатпа, терің сат, алалды ізде,Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.
Ерінбесең..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы