meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бас туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 82
Жұмбақтар жинағы: 11
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 88
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 11
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 2
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Әр нәрсенің басы бар.
Біз де иеміз басымызды
(Хош дейміз)Отан еді ең сүйікті анасы,Отан еді махаббаты, жүрегі.Сол қасиеті демеп бойын,Жалтылдатып ұшқыр ойын,Көтеріп еді биікке.Көреген еді..
©  Әбділда Тәжібаев
 Басы жоқтың арманы жоқ.
Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.
 
©  Наполеон Бонапарт
Нәпсіңді атқа мінгізбе
Қалмады ойлай-ойлай басымда ми,Оянып, көзіңді ашып, есіңді жи.Ағыздым мен бір бұлақ көзін тауып,Мес қылып құлағыңды толғанша құй.Ойлайды: "Өлмей, көп..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған...
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған,Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған.Анық ақыл көзiмен қарағанда,Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.Қылықты..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бектердің басын кескенбіз
Қара ағашты ТашкенттенМырзаби деген бек шықты,Екі иінін жеп шықты,«Қатын менен қызыңнанЗекет бергін» деп шықты.Ордабасы..
©  Мәделі Жүсіпқожаұлы
Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
©  Абай Құнанбаев
Қызығы бұл жалғанның — мал менен бас.
©  Міржақып Дулатұлы
Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.
©  Джон Рескин
Басымнан қорқам
Мен басымнан қорқамын атом ба деп,
Бір әлемет жасалып жатыр ма деп.
Мұндай-дағы сұрапыл тап болар ма,
Өзі болған өзімен пақырға кеп.
Мен басымнан..
©  Мұқағали Мақатаев
Басыма менің, бақ, қондың
Орынсыз ойнап, күлгенде,
Опық жеп талай жүргенде,
Басыма менің, Бақ, қондың,
Байқаусыз шақта, бірдемде
Боларын бұлай білгем бе?!
Іздесем, рас..
©  Мұқағали Мақатаев
Басы саудың түгел-дүр
Басы саудың түгел-дүр
Толған тоғай малы-дүр.
Тоқтамай соққан толағай
Толастар мезгіл жеткей-дүр.
Керегеге ілінген
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан..
©  Жиембет Жырау
Жас кезіңде өзіңмен қатар.
Қартайғанда алда.

Жауабы: Еңкейген кәрінің басы, кеудесі.
Бір байдың енші алыпты бір баласы,
Алғаны алпыс тоғыз ірі қарасы.
Төрт жерден түлікке желі қағып,
Үш жерден орнатылған мұнарасы.

Жауабы: Түйе..
Білмегеннен түбінде бас ауырар.
Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.
Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырыққа кірсе де, жас болар.
Басты бұзған балта,
Істі бұзған маңқа.
Басына бәле тілеген адам
Сұлтанның сөзін қайырар.
Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.
Бас сау болса, басқа бөрік табылар.
Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.