Сана туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 27
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 51
Қанатты сөздер жинағы: 58
Әңгімелер жинағы: 4
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 1

Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек.
 
©  Пауло Коэльо
Ата-бабаларымыздың сана-сезімдерінің қалтарыстары аз болмаған. 
©  Олжас Сүлейменов
Құқықтық сана осыдан туындаған
Азат ел құқығының асқарлары
Белгілі Ата Заңмен басталғаны.
Бұл күнде уақыт салған тарихы бар -
Қоғамда жұрт пікірі қошталғалы.

Жаңғыртты..
©  Ғабиден Қожахмет
Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде.
©  Міржақып Дулатұлы
Сапа ешқашан кездейсоқ келмейді. Ол — саналы түрде талаптанудың жемісі.
©  Джон Рескин
Құлдық сананың белгісі — параға сатылу.
©  Джон Рескин
Адамның ойы ұшқыр болатындықтан, санаңызды ұлы ойлармен қоректендіріңіз.
©  Бенджамин Дизраэли
Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
©  Омар Хайям
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
©  Мағжан Жұмабаев
Сұм тағдыр абақты ғой саналыға.
©  Мағжан Жұмабаев
Ұялту кезiнде айтылғанды түсiну үшiн басқаның саналы ақылы керек…
©  Платон
Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.
©  Фрэнсис Бэкон
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.
©  Бауыржан Момышұлы
Сананы тұрмыс билейді.
©  Цицерон
Білім сананы ағартады.
Ары жоқ – күлкішіл,
Санасы жоқ – ұйқышыл.
А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.
Санасызға сан айтсаң да болмайды.
Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Саналымен санаспа,
Санасызбен жанаспа.