meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бала туралы  ✍️


Басқа: 8
Мақал-мәтелдер жинағы: 291
Жұмбақтар жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 127
Ақын өлеңдері жинағы: 534
Жаңылтпаштар жинағы: 16
Қанатты сөздер жинағы: 156
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 15
Баталар жинағы: 3
Туындылар: 20
Әңгімелер жинағы: 160
Ертегілер жинағы: 20
Поэмалар: 2
Шығармалар жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 20
Аңыздар жинағы: 14
Эсселер жинағы: 12

Мал балада қалды,
Бай далада қалды.
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.
Жақсы бала қонаққа үйір,
Жақсы тай атқа үйір.
Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.
Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.
Жылайын деген бала,
Әкесінің сақалымен ойнайды.
Өз балаң,
Өзекке тепсең де кетпейді;
Кісі баласы,
Кісендесең де тұрмайды.
Үш баланы өсіргенше,
Үш шаһар апат болады.
Баласы бардың өңі ойнар,
Балтасы бардың қолы ойнар.
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
Бала өз несібесін ала туады.
Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.
Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.
Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.
Көргенсіз бала — көкірек,
Өнерсіз бала — өкірек.
Ерке бала — екі жылар.
Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.
Бала анаға аян,
Атаға күмән.
Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.
Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.
Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.
Балалы үй — базар,
Баласыз үй — қу мазар.
Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.
Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.