Кешірім туралы  ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 76
Қанатты сөздер жинағы: 20
Әңгімелер жинағы: 5

Өтiрiктi кешiруге болады, ақтауға болмайды. 
©  Шерхан Мұртаза
Есiңiзде болсын, сұхбаттасыңыз толығымен әдiл болмауы мүмкiн. Бiрақ ол бұлай ойламайды. Оны сөге көрмеңiз, бұл тек ақымақтың тiрлiгi. Оны түсiнуге..
©  Дейл Карнеги
Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.
 
©  Асқар Сүлейменов
Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.
 
©  Асқар Сүлейменов
Кісілігін жоғалпаса — жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады. 
©  Асқар Сүлейменов
Қандай тілде болса да ең керемет, ең әдемі сөз - «мен сені кешірдім».
©  Стивен Кинг
Өз қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады.
©  Брюс Ли
Білерлігің қайда бар,
Білместі кешпесең.
Білгенің қайда,
Білместікті кешірмесең?
Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік.
Кешіру – айыпты өшіру.
Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта,
Өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір.
Кешірім - ізгіліктің белгісі.