Қой туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 72
Жұмбақтар жинағы: 17
Балаларға арналған тақпақтар: 16
Ақын өлеңдері жинағы: 45
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 12
Ертегілер жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 2

Жылым - қой, тауық жылы мен үш жаста
Жылым - қой, тауық жылы мен үш жаста,Кәріплік [Ғаріплік] бұл жалғанда біздің,Айырылып ел-жұртынан көшіп әкем,Қыстаған Қызылағаш, Бұзаутасқа.Баянтау..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Шықай менен Шағала
Шықай менен Шағала,Қойың кетті бағана.Тепең-тепең етесің,Қойыңа қашан жетесің?
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қарашекпен мен қой
Шақырды Қарашекпен Қойды сотқа,Күймей ме біреу үшін біреу отқа,Белгілі Қойдың тауық жемейтіні,Жазықсыз жаза тартқан пенде жоқ па?Түлкі екен судьясы..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ала қойлар
Айырсын аңдар қайдан қара, ақты,Кімі ақ, кімі қара - таба алмапты.Жоспарлап білмегенді білдіруге,Сөз қылып данышпандар мысалдапты.Мысал бұл: ала..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Лай суға май бітпес қой өткенге
Лай суға май бітпес қой өткенге,Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.Сол қасқырша алақтап түк таппадым,Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?Берген бе тәңірім..
©  Абай Құнанбаев
Қарға мен бүркіт
(И. А. Крыловтан)
Қой жайылып жаздыгүнШыққан екен қияға.Аспаннан бүркіт құйқылжып,Сорғалап келіп ыраға,Бір қозы іліп ап кеттіҚұздағы қиын..
©  Абай Құнанбаев
Қойлы ауылда
Жел тұрып күзгі салқын таза ауадан.
Түңлігін киіз үйдің мазалаған.
Әкесі қой күзетіп, мылтық атса,
Жас сәби үйде жатып мәз-ау оған.
Жаз болса..
©  Мұқағали Мақатаев
Тау өзені тентек қой, тасып жатыр
Тау өзені тентек қой, тасып жатыр,
Ақ көбігін аспанға шашып жатыр.
Арғы жаққа отарын өткізе алмай,
Бала шопан айғайға басып жатыр.
Тарт! деп еді..
©  Мұқағали Мақатаев
Төл өсіріп момақан,
Уыз ішкен қоймалжың,
Білсең айтшы, балақан,
Еңбегі зейнет қай малшы?

Жауабы: Қойшы
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.

Жауабы: Қой
Екен, екен, екен жұмбақ,
Екі етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға барған жұмбақ,
Қақтың суын ішкен жұмбақ.

Жауабы: Қой
Баурындағы бұлағын ел ішеді.
Шабылады жотасынан пішені.

Жауабы: Саулық қой
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.

Жауабы: Қой, ешкі
Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.

Жауабы: Қой, қойшы
Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа,
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.

Жауабы:..
Ерте кетіп, кеш келе,
Тері тонды жануар.
Моншақ төгіп кетеді,
Жылтыраған суы бар.

Жауабы: Қойдың құмалағы
Тоғай іші толған жұмбақ,
Ақын жігіт айтқан жұмбақ,
Шешен қатын шешкен жұмбақ.

Жауабы: Қойдың ішек-қарны және оны аршу
Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.
©  Бауыржан Момышұлы
Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
©  Бауыржан Момышұлы
Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.
Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар.
Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.
Ақсақ қой артынан маңырайды.
1) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
2) Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.
3) Мал – баланың шашуы.
4) «Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір..