meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Ел туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 492
Балаларға арналған тақпақтар: 28
Ақын өлеңдері жинағы: 588
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 119
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 34
Ертегілер жинағы: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар жинағы: 13
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 11

Қос ұл туған қатынды
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.
Елуінде ер — дана,
Елу жылда ел жаңа.
Ер өтірік айтпайды,
Ел өтірік айтады.
Ер өтірік айтпайды,
Ер өтірік айтса да
Ел өтірік айтпайды.
Ер айтса — ел айтқаны
Елдің қамын жеп айтқаны.
Ел басына күн туса,
Ерлер атқа ер салар.
Ер елінде кәдірлі,
Гүл жерінде кәдірлі.
Ердің айнасы — елі,
Жердің айнасы — көлі.
Ел жүрген жер — береке,
Ер жүрген жер — мереке.
Жігіттің жолбарысы —
Жол торымайды, ел қориды.
Елі жоқ — жер жетім,
Ері жоқ — ел жетім.
Елмен дауласпа,
Ермен жауласпа.
Жығылған, жерге сүйенеді,
Жыққан елге сүйенеді.
Аққу көлге, ер елге паналайды.
Етек-жеңі кеңдік
Елге тән қасиет.
Ептілік пен ерлік
Ерге тән қасиет.
Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.
Ерді ел өсіреді,
Гүлді жер өсіреді.
Ердің қадірін
Өлгенде білерсің.
Елдің қадірін
Жат жерде жүргенде білерсің.
Етектен кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Батыр — елдің ажары,
Бал құрақ — көлдің ажары.
Елдік түбі — бірлік.
Ел қонысынан айрылса,
Ер ырысынан айрылады.
Ердің жақсысы
Елімен ойласады.
Ер қадірін білмеген
Ел қадірін білмейді.
Халық қазанын қайнаттым,
Қолымның кәне қарасы?!
Ел қазанын қайнаттым,
Етімнің кәне жарасы?!