Адам туралы ✍️
Басқа: 7
Мақал-мәтелдер жинағы: 543
Жұмбақтар жинағы: 26
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 462
Жаңылтпаштар жинағы: 9
Қанатты сөздер жинағы: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер жинағы: 56
Ертегілер жинағы: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 5
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 3
Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
© Иоганн Вольфганг фон Гёте
Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның мойнында.
© Иоганн Вольфганг фон Гёте
Адамның мінезі жайлы білгіңіз келсе, оның өзіне пайда әкелмейтін адамдармен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз.
© Иоганн Вольфганг фон Гёте
Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады.
© Иоганн Вольфганг фон Гёте
Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат.
© Антон Чехов
Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.
© Антон Чехов
Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн.
© Галилео Галилей
Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын,Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.
© Асан қайғы