Сөз туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 508
Жұмбақтар жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 488
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 205
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 41
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Абайламай сөйлеген ауырмай өледі.
Батырдың сөзі мың теңгелік.
Сөз білмесең үндеме, көп ішінде отырсаң.
Сөзге мақұл,
Іске тақыл.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.
Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.
Сөз түбін сөз табар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өледі.
Өлең — алтын,
Сөз — күміс.
Сөз жіп, созсаң кете береді.
Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.
Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйгі алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Тіл қаруы — сөз,
Сөз қаруы — ой.
Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.