Қарыз туралы  ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 30
Ақын өлеңдері жинағы: 25
Қанатты сөздер жинағы: 7
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 11
Аңыздар жинағы: 1

Қарыз қатынас бұзады.
Жиеннің алғаны парыз,
Жезденің алғаны қарыз.
Көшуден бұрын,
Керуен басыңды сайла.
Қарыз алудан бұрын,
Береріңді ойла.
Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.
Қарыз қайтарумен ғанибет.
Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.
Қарызды берген батыр емес,
Алған батыр.
Берген қарыз — бедел өсіреді
Қайтқан қарыз — мерей өсіреді.