Сөз туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 508
Жұмбақтар жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 488
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 205
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 41
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Кәрінің сөзін қапқа сал,
Өлгеніңше ырзығың таусылмайды.
Сөзің өлгенше, Өзің өл.
Сүйексіз тіл сүйекті де сындырар.
Тілмен байланған қолмен шешілмес.
Тіс қатты ғой, бірақ сынып кетеді,
Тіл жұп-жұмсақ ұзақ тірлік етеді.
Кім сөйлейді – онда емес әңгіме,
Ең бастысы – айтқан сөзі мәнді ме?!
Бидай наның болмаса,
Бидай сөзің жоқ па еді?
Биікке келсе самғағың,
Сөз – саты, соны аңдағын.
Келтірсе тамақтың тұз дәмін қалай,
Келтірер сөздің әзіл сәнін солай.
Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен ұтылар.
Жіп түйінсіз байланбас,
Сөз шындықсыз бәйгі алмас.
Ауызбен ауыл көшірме,
Тіліңмен отын отама.
Адамның ақылы қысқарса,Аузындағы сөзі ұзара береді.
Ұнамсыз сөзді жаратпасаң, өзің де айтпа.
Сөздің тілінен істің тілі шешенірек.
Қымбат сөз қысқа қайырылар.
Тыңдамаған бір сөзді
Түсіне алмас мың сөзді.
Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер.
Жақсы сөз тасты жібітер,
Жаман сөз басты шірітер.
Тебірентер сөз темір қақпаны да ашады.
Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.
Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Жақсы сөз жан семіртеді,
Жаман сөз жан кейітеді.
Жұмсақ сөз тасты жібітеді.
Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.