Сөз туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 508
Жұмбақтар жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 488
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 205
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 41
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Бақытыңды қорғасаң,
Жаман сөзді қолданба.
Бақ тіліңді, ойлағаның саз болар,
Көп сөйлеген сөздің мәні аз болар.
Әр сөзіңнің білім болсын сағасы,
Білімменен үлкейер ел ағасы.
Әділ сөз ірі көрінеді.
Әзілқойдың сөзі зая болар.
Ауыз бен тілдің көркі — сөз.
Ауызыңмен сөйлеген сөзді
Құлағың да есітпейді.
Атлас — қымбат, бөз — арзан,
Көп сөйлеген сөз — арзан.
Аталы сөзді арсыз қайырар.
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.
Ақылды адам сөзді орнымен айтып,
Жөнді жауап күтеді.
Айта берме сөз біткеннің бәрін де,
Ойлап сөйле, таңдап дәмін, нәрін де.
Айтар сөзге тұшынғаның—
Ноқтаға басты ұсынғаның.
Айтар сөзді айт,
Айтпас сөзден қайт.
Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.
Айтылған сөзді қайтарып ала алмайсың.
Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.
Адам уағдада тұрса,
Сөз қадірін білгені.
Уағдада тұрмаса,
Ол адамның өлгені.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі — жақсы мінез,
Екіншісі — жақсы сөз.
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.
Адал сөзбен айтысады,
Өсек сөзбен сыбырласады.
Сөздің таяғына ойдың шалы сүрінер.
Қуатты сөз – дуалы, құс сияқты қанатты боп туады.
Тіл – тіліп түсер наркескен,
Сөз – өткір жебе тау тескен.