Қарыз туралы  ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 30
Ақын өлеңдері жинағы: 25
Қанатты сөздер жинағы: 7
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 11
Аңыздар жинағы: 1

Енді разы болған шығарсыз
Жұқа терезенің алдында отырып алыстан келе жатқан бір адамды көреді. Бұл қарызын қайтарып алуға келе жатқан кісі екенін танып, Жұқа әйеліне..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бәріңе қарыздармын
Анама қарыздармын! —Алты рет анау жаққа барып келген,Сондықтан алты бала жарық көргенМен өзім бар анаға қарыздармын —Болашақ азаматты танып..
©  Сайын Назарбекұлы
Әлі өтеген жоқ едім қарызымды
Ұрандатсақ жас кезде – маздайықшы,Көңiл қайтқан мiне ендi, жаз тайыпты.Жалыны жоқ, жүректе шоғы қалған,Көкiректе қоздайды саз байыптыОйымды айттым..
©  Сайын Назарбекұлы
Өтелмес бұл өмірде қарыздармын
Тербетіп талай мені таң атырдың,Қаның мен жаныңнан мен жаратылдым.Парызын ең ақырғы өтей алмайТопшысы сынып жатыр “қанатыңның”.Өзіңдей жоқ қой енді..
©  Сайын Назарбекұлы
Қалса қарыз өтелмей
Қалса қарыз өтелмей,қарғамас па ел кейін,—бүгін өле кетердей,күңірене бермейін.Құдай қуат берсе енді,жырды қойып жылауық,бетегедей еңсемдікөтерейін..
©  Сәкен Иманасов
Ұшырдың өз ұяңнан
(Жұмақшам Өтегенұлына)Жан аға,Мен саған қарыздармын,Көп әлi өтелмеген өзiңе парыздарым.Әкеме iнi болып,Мен саған бала болдым,Көңiлiң маған деген..
©  Айтуар Өтегенов
ҚАРЫЗ (хикаят)
Есік алдындағы жүзімнің қою көлеңкесі астына қойылған сықырлауық сәкіде шынтақтай жамбастап жатқан Әуелбектің көңілі тоқ еді. Тоқ болмай қайтсін..
©  Қайырғали Медет
Және бір бақытым бар өлең деген,Жерімде биіктетер төмендеген.Осында қарызым да төленбеген,Осында қызығым да көрем деген.
©  Әселхан Қалыбекова
Әзіл айту мен қарыз алу кенет болу керек. 
©  Джон Рокфеллер
Мен Филипке өмір сүргеніме, ал Аристотельге лайықты өмір сүргеніме қарыздармын.
©  Александр Македонский
Ораза
Молдеке, сізге бір арыз,Ораза деген не парыз?Ауырмай астан қалғанда,Өтейтінің қай қарыз?
Аш жүр деп алла аяса,Жарылқар еді кедейді.Көпке бірдей..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ар қарызы
Қызметтен қайтқан Жетісудың 719 жігіті Ғалихан атына медресе я стипендия ашылсын деп 2 мың сом «Қазақ» басқармасына тапсырғаны..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жасасаң қайыр, қарыз...
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа,жарқыным!
Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының.
Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ.
Өмірдің қалған..
©  Мұқағали Мақатаев
Қарызынан бір тиын иесіне қайтару - көп алтын садақа беруден де жақсы.
©  Имам Раббани
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
©  Абай Құнанбаев
Қарыз алушы – арыстан,
Қарыз беруші – тышқан.
Мойнындағы қарыздан қой да өледі.
Екі аяққа қарызданып,
Тағы екі аяқ жалғады.
Қарыз алдың – қайғы алдың.
Қарыз беру уайым емес,
Қайтарып алу уайым.
Өсімге алған қарыздан
Қампаймайды қарының.
Жаманнан би қойма - кесім салады,
Залымнан қарыз алма - өсім салады.
Жаңа байығаннан қарыз алма.
Қасқыр қарызын терісімен төлейді.