Бидай туралы  ✍️


Басқа: 8
Мақал-мәтелдер жинағы: 19
Жұмбақтар жинағы: 20
Балаларға арналған тақпақтар: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 26
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 2
Ертегілер жинағы: 1

Егіннің бастары
Бір адам жас баласын жанына алды,Екеуі сайран етіп кетіп қалды.Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,Егінші егін еккен жерге барды.Аралап әр егінді қарап..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Епті тышқан бидайды таси берген...
Епті тышқан бидайды таси берген,Шәкірті де көп екен қасына ерген.Қақпан құрған адамның айлаларынАлып тастап, жем жеген талай жерден.
Өзге тышқан..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жұмыртқадай бидай
Балалар ойнап жүріп, жұмыртқадай бір нәрсе тауып алады. Ортасында бидай сызығындай сызығы бар. Тұрпаты нақ бидайдай.
Бір жолаушы балалардан 5 тиынға..
©  Лев Толстой
Қызыл керіш тас боп түседі,
Ақ ұлпа қар боп шығады.

Жауабы: Бидай
Пісер күнін сарылып,
Күтіп жүрдік сағынып.
Күз келгенде болыпты
Салиқалы сары мұрт.

Жауабы: Бидай
Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.

Жауабы: Бидай
Қария күркірейді көбік атып,
Әркім-ақ іздеп барар жүгін артып.
Дарияның ары-бері өткелі жоқ,
Біреуі келген емес тірі қайтып.

Жауабы: Диірмен..
Дария күркірейді көбік атып,
Әркім-ақ іздеп барар жүгін артып,
Дарияның әрі-бері өткелі жоқ,
Біреуі келген емес тірі қайтып.

Жауабы: Диірмен..
Бір топ қой бір көпірден өтіп жатыр,
Астында бір қобдиға кетіп жатыр,
Өзгеріп заңдары да басқаланып,
Будалап әрбір жоққа жетіп жатыр.

Жауабы:..
Бұ сараңнан түк дәметпе, көнбейді,
Сортаң жерге еккен бидай өнбейді.
Аз дәлелден көп мағына тәлім болады,
Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.
Бидай наның болмаса,
Бидай сөзің жоқ па еді?
Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа.
Бидайдың барар жері — диірмен.
Қара жерден аппақ бидай өнеді.
Бидай арқасында қарамық та су ішеді.
Бидайды көрсетіп, арпаны сатты.
Досыңа арпа алып келсең,
Бидай алып қайт.
Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол,
Жаман елдің жақсысы болғанша, жақсы елдің жаманы бол.
Соқыр тауыққа бәрі бидай.
Қызыл күріш тас болып түседі,
Ақ ұлпа қар болып шығады.

жауабы
Бидай, ұн
Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан.

жауабы
Бидайдың масағы
Бек тұрған,
Белін буып,
Тек тұрған.

жауабы
Бай бидай
Өзі қызық,
Бауырында бар
Жалғыз сызық,
Бұған жұрттың бәрі де ынтық.

жауабы
Бидай
Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар.

жауабы
Бидай