Шебер туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 31
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 8
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Шебер
Қол өнер шебері СәлимағаОн саусағы, ой қиялы жарысқан,Маңдайында талай өнер табысқан.Сен қазақтың бір талантты қызысыңЖақсы есімің жаңғырыққан..
©  Ғафу Қайырбеков
Аға шебер
Ғабиден МұстафингеҚазақы өлең жазар келді ретім,Қадірін, қасиетін ел білетін,Тойында жақсы ағаның лебіз айтсам,Қалмасын сеземін мен сөзім..
©  Ғафу Қайырбеков
Дәужан ойлары
− Біздің Жәмен пысық қой,Біздің Жәмен шебер - ау,Жамағаны жаңадай,Мұнысы да өнер - ау!Жуған кірі шатырдай.Аппақ бола қалады,Жым-жырт қана..
©  Әбділда Тәжібаев
Баянсыз бақ
Нұрлыбай көзі кіртиіп, қабағын тыржитып, үстеліне сүйеніп бірсыпыра салбырап тұрды да, барқытпен көмкерілген жұмсақ үстелге сылқ етіп отыра..
©  Бейімбет Майлин
Егін сал...
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,Білім білген әр істе шебер болмақ.Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Пан-Жи-Зан Хан
Ең бұрын қала болған қытай жұрты,Хақанын Аспанұлы дейді ғұрпы.Ертерек қолөнерге шебер болған,Қолайсыз көрінсе де бізге сырты.
Аспанұлы құдайға жақын..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мүсіндер
Ол кезде университеттің бірінші курсында оқып жүрген кезім, - дейді ол. - Қаладағы мектепті бітіре салып, осы оқуға түскенмін.Топта старостаның..
©  Ғабиден Қожахмет
Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.
©  Фридрих Шиллер
Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан?

Жауабы: Қылқалам шебері
Нардының тастары сәтті түсе берсе,
Бәрі де шебер ойыншы болар еді.
Шеберді үйрету – күйрету.
Шеберден олжа,
Шешеннен сауға.
Шешенің сөзі — мерген,
Шебердің көзі - мерген.
Шеберді шебер қолынан таниды,
Батырды батыр жонынан таниды.
Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.
Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.
Қожамен көрші болсаң:
«Бер-бер» дейді
Шебермен көрші болсаң:
«Көр-көр» дейді.
Шебердің бізі — ортақ,
Шешенің сөзі — ортақ.
Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.
Кілең шебер жиналса,
Істері тез қызады,
Кілең олақ жиналса
Біткен істі бұзады.
Шеберді саусағы асырайды.
Шеберді шеге қағысынан таны.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Қас шебердің
Шанышқан инесі тонына кіреді.
Хас шебердің
Шанышқан инесі қолына кіреді.
Шебердің қолы көпке ортақ.