meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Мектеп туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 9
Жұмбақтар жинағы: 5
Балаларға арналған тақпақтар: 133
Ақын өлеңдері жинағы: 96
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 34
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 53
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 64
Ертегілер жинағы: 3
Шығармалар жинағы: 14
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 12
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 15

Зейініміз ашылсын
Бүгін білім күні бұл, Құтты болсын достарым. Зейініміз ашылсын, Ашық болып аспаным...
©  Білім күні
Сәлем, сәлем достарым
Сәлем, сәлем достарым, Қауыштық білім күнінде. Білім алып, бірге ойнап, Кездесеміз біз күнде...
©  Білім күні
Бүгін білім күнінде
Бүгін білім күнінде, Шаттанайық достарым. Жаңа оқу жылында, Орындалып жоспарың!
©  Білім күні
Таң қалдырып әлемді
Таң қалдырып әлемді, Мен білімді боламын. Бүгін білім күнінде, Жұлдыздайын жанамын.
©  Білім күні
Мектепке мен барамын
Қыркүйектің бірінде, Мектепке мен барамын. Алғашқы білім күнінде, Әсем әнге саламын.
©  Білім күні
Бүгін білім күнімен
Құттықтаймын сіздерді, Бүгін білім күнімен. Бар жақсылық орналсын, Жаңа оқу жылымен.
©  Білім күні
Өсті тағы бойымыз
Жаңа оқу жылында, Өсті тағы бойымыз. Алғашқы бұл қоңырау, Қуанышты ойымыз!
©  Білім күні
Соғылды алғашқы қоңырау
Соғылды алғашқы қоңырау, Құтты болсын достарым. Білім алар мектепте, Қосылсыншы бастарың.
©  Білім күні
Келдім саған мектебім
Қоңырауда алғашқы, Келдім саған мектебім. Білім алып, тәрбие, Мен өзіңнен көктедім.
©  Білім күні
Мен бармаймын мен текке
Дайын керек-жарағым, Мен бармаймын мен текке. Алғашқы бұл қоңырау, Қадам бастым мектепке.
©  Білім күні
Дайын дәптер, қаламым
Алғашқы бүгін қоңырау, Есік ашқан достарым. Дайын дәптер, сөмкем де, Орындайтын жоспарым.
©  Білім күні
Құтты болсын
Ең алғашқы қоңырау, Құтты болсын бүгінгі. Сәлем сұлу мектебім, Сенде өткізем күнімді.
©  Білім күні
Достарыма мың сәлем
Бітті жазғы демалыс, Қоңырау бұл алғашқы. Достарыма мың сәлем, Мектепке енген алғашқы.
©  Білім күні
Ұстаздарым мың алғыс
Алғашқы бүгін қоңырау, Мектебімде соғылды. Ұстаздарым мың алғыс, Қасымыздан табылды.
©  Білім күні
Мереке бұл — қуаныш
Мереке бұл — қуаныш, Қоңырау бұл алғашқы. Білім беріп, үйретер, Қабыл алып бар жасты.
©  Білім күні
Мен де келдім, мектебім
Алғашқы бұл қоңырау, Баурап алар бар жанды. Мен де келдім, мектебім, Жалғап бүгін тәтті әнді.
©  Білім күні
Қоңыраудың үнімен
Енейікші мектепке, Қоңыраудың үнімен. Жаңа оқу жылында, Жақсы оқиық жылымен!
©  Білім күні
Жаңа оқу жылында
Алғашқы бұл қоңырау, Есік ашты достарым. Жаңа оқу жылында, Ашық болсын аспаның
©  Білім күні
Сәлем, сәлем мектебім
Сәлем, сәлем мектебім, Мен өзіңе беттедім. Алғашқы бұл қоңырау, Қуантады жеткенің.
©  Білім күні
Амансың ба, мектебім
Амансың ба мектебім, Күлімдейді көкте күн. Қоңырауда алғашқы, Айтылсыншы ән мен жыр.
©  Білім күні
Сәлем бердім мектебім
Сәлем бердім мектебім, Сенде өсіп, көктедім. Алғашқы бұл қоңырау, Құтты болсын жеткенің!
©  Білім күні
Баланың дамушы ұясы- мектеп !
                                      Баланың дамушы ұясы - мектеп!       Нәрестесі  шыр етіп дүниеге келген сәттен  бастап ,  әрбір ата-ана өз..
Мектептегі күндерім
Қандай ғажап, керемет, Бұрын мұны білмедім. Хош бол, келем қайтадан, Мектептегі күндерім.
©  Қоштасу тақпақтары
Білім берер айдыным
Бір өзіңсің мектебім, Білім берер айдыным. Хош бол, кетіп барамын, Мектебім сен, байлығым!
©  Қоштасу тақпақтары
Қимай кетіп барамын
Алда жазғы демалыс, Қимай кетіп барамын. Хош бол менің мектебім, Ораламын жаңа күн.
©  Қоштасу тақпақтары