Қазан туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 20
Жұмбақтар жинағы: 29
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 27
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 6
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 1

Базына
Ашпын, аға, келем жеуге асыңды,Арнап соған қайрап келем тісімді.Араным да айдаһардай ашулы,Зәрін төгіп, жандырып тұр ішімді.Толсын қазан қазы менен..
©  Әбділда Тәжібаев
Тапқыр қоян
 
 
Бірде орманда аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Ол бір қазан суды қайнаттырып:- Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық берем, - деген..
©  Балаларға арналған ертегісі
Біреу екеу болмайды,
Екеу үшеу болмайды,
Үшеу төртеу болмайды,
Төртеу бесеу болмайды,
Бесеу алтау болмайды.
Бір құдай, ай менен күн, ошақтың..
Қазан көп қайнаса - ас бұзылады. 
©  Құтып
Түгел айтсақ не барын:
Төрт құлақ та бір қарын.

Жауабы: Қазан
Шеңбердің үш тағанын,
Қаракөлдің табанын,
Қызыл сиыр жалап тұр,
Терлеп, буы тарап тұр.

Жауабы: Қазан, жалын
Әкесі баласын көтеріп тұрады.

Жауабы: Қазан, ошақ
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.

Жауабы: Жалын, қазан
Боп, боп, бопылдақ,
Бопылдақ үсті үш тармақ.
Үш тармақта соқыр шақ,
Соқыр шақ үсті жез қармақ.

Жауабы: Күл, ошақ, қазан, тамақ,шөміш
Бап, бап, бапанақ,
Бапанақ үсті арғымақ.
Арғымақ үсті қызыл тақ,
Қызыл тақ үсті қу шұнақ.

Жауабы: Қазан, ошақ, от
Болғанда қиған қалпақ, қырсау құрық,
Қазан, ошақ, оМінгені үш аяқты қызыл жүйрік.

Жауабы: Қазан, ошақ, от
Басына қара таудың бітер қорған,
Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман,
Қасына төрт нөкерін ертіп алып,
Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.

Жауабы:..
Дыбыстасаң қарамас,
Болса-дағы құлағы.
От-жалынмен аралас,
Тату-тәтті тұрады.

Жауабы: Қазан, от
Бар екен арасанның үш төресі,
Жайлауы бір апанның кенересі.
Асты зерден болғанда, үсті балдан,
Адамзаттың ойласақ неменесі!

Жауабы: Қазан, ошақ
Қара тайым мықты,
Қара бием сүтті.

Жауабы: Қазан, ошақ
Үш адам қара киген қарағымды,
Бар еді үшеуінің арғымағы.
Үшеуі үш жағынан қарғыса да,
Жетпейді адым жерге қарғығаны.

Жауабы: Қазан, ошақ
Үш атқа мінгесіп тұр жанғыз көрдім,
Соларға тамаша етіп қарап тұрдым.
Жандыны жансызбенен күрестіріп,
Жансызды бір уақытта алып ұрдым.

Жауабы:..
Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.
Аллаға жағамын десең,
Азаның болсын.
Пендеге жағамын десең,
Қазаның болсын.
Азансыз молда болса да,
Қазансыз қатын болмайды.
Қазан асулы,
Ас пісулі.
Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.
Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?
«Астапыралла!» дегеннің қазаны тез қайнайды.
Қасығы сынған қазаннан ұрттайды.