meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Сүт туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 23
Жұмбақтар жинағы: 10
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 29
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 4
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Сиырды теппейді,Сүтті төкпейді. 
Малды бақсаң, сиыр бақ,Сүт кетпейді шарадан.Егін ексең, бидай ек,Құт кетпейді даладан. 
Сиырдың сүті — тілінде. 
Сүтсіз сиыр — сүзеген. 
Ал ішіңдер, бұл - қымыз
Ал ішіңдер,Бұл - қымыз.Бұл қымыздың арғы атасын сұрасаң,Құлаша қулық бие сүті еді,Томсарған ер қазақтың асы еді.Бұл қымызды кім ішсін?Бұл қымыздыАйлы..
©  Мағжан Жұмабаев
Анадан алғаш туғанымда...
Анадан алғаш туғанымда,Жыладым неге дабыстап.Кiндiктi кесiп қиғанында,Анамнан кеттiм алыстап.
Ақ бұйымға орап алғанында,Құндаққа қойды таңып..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қара сүт
Бір елдің патшасы халқын жиып:

-Бірлігіміз артсын! Әр отбасы мына тайқазанға бір-бір кеседен сүт құйсын. Таңертең сүтті пісіріп, барлығымыз бірге..
Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.

Жауабы: Ана сүті
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең – уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады:
Ірімшік, май, құртың да.

Жауабы: Сүт
Сусында да сусын бар,
Отқа түсіп қанығар.
Ақ қатығы тағы бар,
Онсыз басың ауырар.

Жауабы: Сүт шәй, қаймақ
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.

Жауабы: Ана сүті
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына..
Өлген сиыр сүтті болады.
Ана сүтіменен көрмесе,
Тана сүтіменен көрмес.
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Үйіңде сүтің төгілсе,
Далада бұзауың еміп кетер.
Сүтке аузын күйдірген,
Қатықты да үрлеп ішер.
Асыққан шыбын сүтке түсер.
Су бермегенге сүт бер.
Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді.
Адалдық ана сүтінен де абзал.
Ернінде сүттің дәмі тұр.
Растық (шындық) жауған қардай, сүттен ақ, судан таза.
Сүт — сүйек өсіреді.