meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Ешкі туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 28
Жұмбақтар жинағы: 11
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 12
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 9

Тоқал ешкі
(әні бар)Күнде тәртіп бұзыпты:Кішілерді сүзіптіМиуаны үзіпті,Мүйізіне тізіпті.Міне осындай алыптыАтам көріп қалыпты.Қажыттың деп халықты,Мүйізін..
©  Қадыр Мырза Әли
Бес ешкі
Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына..
©  Балаларға арналған ертегісі
Басында  таяғы  бар,
Төрт  аяғы  бар.
Сегіз  құлағы  бар,
Иегінде  сақалы  бар. 
(Ешкі)
Түлкі мен ешкі
Бір күні түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетіпті. Ары секіріп, бері секіріп, апаннан шыға алмапты. Бір уақытта ешкі су іздеп..
©  Балаларға арналған ертегісі
Үш ұры
Бip сарт қалаға бір есек, бір ешкі сатуға алып келеді. Ешкінің мойнында қоңырауы бар екен. Мұны үш ұры көріп, біреуі айтты:
— Мен осы сарттың..
©  Ыбырай Алтынсарин
Бәйге алмаған жүйріктенБелі берік бесті артық.Сүт бермеген сиырданШай қатық берген ешкі артық. 
Төрт кісі бірлесіп, бір ақсақ ешкіні семіртіп соймақ болып қырманға жібереді. Және де сойғанда кім қай аяғын алатынын алдын ала белгілеп қойса керек...
©  Бала би
Жаңғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз.Қара бура арыса — майы қалың бесті артық,Баласы жоқ қатыннан — лақтаған ешкі артық. 
©  Бұқар жырау
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.

Жауабы: Ешкі
Сақалы бар,
Санасы жоқ.

Жауабы: Ешкі
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.

Жауабы: Қой, ешкі
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына..
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.

Жауабы: Ешкі
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.

Жауабы: Ешкі
Ешкі өзі туа алмай жатып,
Қойға кіндік шешелікке барыпты.
Ешкі егіз тауып, қойдан аспайды.
Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.
Қара итін де қара ешкісінің бағасымен сатады.
Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен табарсың.
Ешкі сойғанның екі малы бар:
Мүйізі пышағына сап,
Терісі балаңа жарғақ.
Ешкіні құдай ұрарында,
Қойшының таяғына сүйкенер.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.
Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні апа, текені жезде дейді.