Арқа туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 9
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 42
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 1
Поэмалар: 1

Арқада жыл жақсы болса, арқар ауып несі бар?!
©  Мұхтар Әуезов
Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар
Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар,
Су ішуге сол қақты құлан жақтар.
Атадан алтау, жетеу туғанменен,
Соның ішінде біреуі-ақ сүтін ақтар.
Ай..
©  Көтеш Райымбекұлы
Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.
Араны арқаңа қонғызба.
Арқасын қаситын да тырнағы жоқ.
Өзімдік тырнағым,
Өз арқамды тырнадым.
Келгеннің маңдайынан, кеткеннің арқасынан сипа.
Халыққа аға болғанның, арқасы жауыр болар.