Өгіз туралы  ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 31
Жұмбақтар жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 14
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 2

Жалғыз өгіз қос болмайды.
Өлермен өгіз балтадан қорықпайды.
Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы бол.
Қолда өскен бұзау өгіз болмас.
Жесір әйелдің екі өгізіндей:
Бірі табылса, бірі жоғалады.
Өгіз тыпырлайды,
Арба сықырлайды.
Өзімдікі дегенге,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенде,
Анау-мынау ісім бар.
Арба өгізге келмейді, өгіз арбаға келмейді.
Өгіз ыңқылдаса, арба сықырлайды.
Тентек молда телмірген өгіз.
Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.
Өгіздің отын оттап,
Бұзаудың орнына жатпа.
Олай тартсаң өгіз өледі,
Бұлай тартсаң арба сынады.