Сауда туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 21
Ақын өлеңдері жинағы: 16
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 19
Ертегілер жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2

Ақырған аюдың ала тонын сатпа.
Қара итін де қара ешкісінің бағасымен сатады.
Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.
Сауда садақпен тең, иілсе тез түзей алмайсың.
Диханшылық түбі кеңіс,
Саудагерлік түбі борыш.
Сауда досқа қарамас.
Сауданың түбі борыш,
Шаруаның түбі кеңіс.
Кімде кім күлімсірей алмайтын болса,
Ол адам сауда-саттықпен айналыспауы тиіс.
Базар бар да малың сат,
Базар білмес, бақ білер.
Молда арбап алады,
Сәудегер алдап алады.
Әкімің әділ болмаса
Жұрт бұзылады;
Саудаң әділ болмаса
Нарық бұзылады.
Саудагер құнықса,
Сақалын күзеп сатар.
Сатушыны алушы ұтады.
Сәудегер бөзін мақтайды,
Үйші тезін мақтайды.