Қ әрпі туралы  ✍️


Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 1
Жаңылтпаштар жинағы: 72

Қап-қап қақтыАппақ апты.Ақтық қаптыАқық апты.
Құнан қойдыМай қартайтар болар ма?Май қартайтар болар ма?
Қурайлының жерiнде,Қоңыр айғырдың үйiрiнде,Бурыл қулық құлындап жатыр,Бурыл қулық құлындап жатыр.
Құдағиға сақтаған сүр балқаймақ,Ол балқаймақты мен жаламай кiм жаламақ?Ол балқаймақты мен жаламай кiм жаламақ?
Қырда қырау,Қызыл ала бұзау.Тауда тарғақ,Тарғыл ала торпақ.
Қабат-қабат үй салдық,Үйлер толы күй сандық.Күй сандықпен үй сәндi,Күй сандыққа күй салдық.
Қырда қырғилар құрға құлдилап ұшты,Қырда құрлар құлдилап қырғидан ұшты.
Қамаштан көрiп қалашты,Қалашқа Жарас таласты.Бөлінсін десең қалаш тең,Таласпа, Жарас, Қамашпен.
Қарағайсың қара майсың,Қара майыңды жаламаймынҚасыңа ендi жоламаймын.
Қырсық қисықты,Қисық қырсықты.Қырсық құр қырсықты.
Қаш, жүгір,Шұғыл, тығыл.Бүгіл, жығыл.
Қамшының бүлдіргесін айтасың ба,Әлде тау бүлдіргенін айтасың ба,Нұржанның күлдіргенін айтасың ба,Сотқардың бүлдіргенін айтасың ба.
Қанатты БолаттыңАттандыра алмағандығы –Көңілін ҚанаттыңҚанағаттандыра алмағандығы.
Қаз маңғаз,Маңғаз қаз.
Қырбық қар құрғақ па,Құрғақ қар құрғақ па?Қырбық қар да құрғақ,Құрғақ қар да құрғақ.
Құмда құйын ойнайды,Құйын – қиын ойнайды.Әр нәрсені іліп ойнайды.
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең.Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең –«ң»-нан сөз жоқ басталған,«ң» үлестен құр қалған.
Қыста боран болар, қар болар,Қыздар шәлі, орамалмен оранар.
Қызыл ала бұрауҚырда қырау.
Қырық қызыл құйрық,Қырық қыл құйрық.Қырық қыл құйрық ішіндеЫлғи қызыл қыл құйрық.
Қара қарғаларғаАла қарғалар үйір.Ала қарғаларғаҚара қарғалар үйір.
Қара майлы қарағайды,Кесейін бе, кеспейін бе?Қазықтағы қара тайдыШешейін бе, шешпейін бе?
Қара жерде қайық жүре ме,Қара жердің қайығы түйе ме?
Қыс қатты-ақ,Қыспаққа-ап.Құс тоңып жүр,Қыстап қап.
Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,Қыс түсті, қысқы істі, қыста істе.