meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Надан туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 27
Қанатты сөздер жинағы: 23
Әңгімелер жинағы: 1

Біреуден біреу артылса
Біреуден біреу артылса,Өнер өлшеніп тартылса,Оқыған, білген - білген-ақ,Надан - надан-ақ сан қылса.Оқыған білер әр сөзді,Надандай болмас ақ..
©  Абай Құнанбаев
Дана адамдардың iсiне ақыл, ортан қол кiсiлердiң iсiне тәжiрибе, надандардыкiне — қажеттiлiк, жануарлардыкiне — табиғат түрткi болады.
©  Цицерон
Егер надандар тыйылып сөйлемегенде, адамдар арасында түсінбеушілік болмас еді.
©  Имам Тақи
Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.
©  Бауыржан Момышұлы
Әркім — ақ шарап ішсе мас болады,
Іштегі барлық сыры паш болады.
Білімді ішсе — наданның кейпін киіп,
Надан ішсе — жасайды масқараны.
©  Жүсіп Баласағұни
Надан заттардың өз мәнiсiне сәйкес келетiнiне таңданады және осы таңырқау бiлiм бастауы болады: данышпан, керiсiнше, заттар өзi бiлетiннен басқаша..
©  Аристотель
Білмеген (надан) көзі болса да — соқыр,
Тірі жүрсе де — өлік.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Бергенін алған –
Наданның ісі.
Ішкенін құсқан –
Жаманның ісі.
Қатесіз адам – қаперсіз надан.
Надан – қашан да надан,
Наданмен байланыспаған – адам.
Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.
Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Надан достан тура дұшпан артық.
Мың надан сопыдан, бір ілім молда артық.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Жағымпаз надан —
Жаудан жаман.
Наданға жалынғанша,
Адамға жалын:
Надан жолыңды тосады,
Адам қатарға қосады.