meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Тіл туралы  ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 363
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 26
Ақын өлеңдері жинағы: 249
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 208
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 5
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 30
Ертегілер жинағы: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 15
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 12

Қызыл тіл кемел басты желге ұшырар.
Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам.
Діліндегі – тілінде.
Қабырғада ін бар —
Не құлақ, не тіл бар.
Қолы қысқаның тілі ұзын.
Ақыл мен білімнің тілмашы тіл.
Жаман тонның биті ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.
Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.
Жалақ кісі тілден жазар,
Таз кісі қолынан жазар.
Өмірде жаман адам болмайды, тек тілін таба біл.
Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Тілі тәтті - көңілі қатты.
Адамға - тілінен, сиырға мүйізінен.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.
Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.
Сөз түбін сөз табар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өледі.