Білім туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 214
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 37
Ақын өлеңдері жинағы: 111
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 222
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 19
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Эсселер жинағы: 8

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.
Білім арзан, білу қымбат.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Күш - білімде, білім - кітапта.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.