meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Күз туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 14
Жұмбақтар жинағы: 11
Балаларға арналған тақпақтар: 31
Ақын өлеңдері жинағы: 523
Жаңылтпаштар жинағы: 5
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 18
Ертегілер жинағы: 2
Шығармалар жинағы: 3

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне..
©  Мұқағали Мақатаев
Суық күз сұрғылт...
Суық күз сұрғылт,
Сұрланып аспан,-күн жауған.
Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан.
Көтеріп алып,
Өтетін едік сулардан,
Қызғалдақ-қызды..
©  Мұқағали Мақатаев
Күз
– Алақай!– Алақай!ШаттанадыБалақай:– Жез түстіКүз түсті.Жон үсті,Дән пісті.Жер бердіЖемісті,Игерді..
©  Ермек Өтетілеуов
Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Күз
Жиып-теріп болатын
Қанбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгілде болатын?

Жауабы: Күз
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
"Қызыл қырман" ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Күз
Күзгі мұздың айнадайынан қашпа,
Көктемгі мұздың айнадайын да баспа.
Малдың төлін күзде сана.
Күз әуені жаздан белгілі.
Көктемгі әрекет, күзгі берекет.
Тоқты күз болмай,
Қойға қосылмайды.
Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.

жауабы
Күз - Жүз
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.