meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Сыр туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 31
Балаларға арналған тақпақтар: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 492
Қанатты сөздер жинағы: 20
Әңгімелер жинағы: 26
Поэмалар: 5
Шығармалар жинағы: 3

Жатқа мініңді айтпа,
Жаманға сырыңды айтпа.
Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.
Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.
Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.
Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.
Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.
Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады.
Тақыр жерге су төксең,
Жүруге тайғақ болар.
Жаманға сырыңды айтсаң,
Тар жерде айғақ болар.