Жігіт туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 220
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 322
Қанатты сөздер жинағы: 39
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 8
Баталар жинағы: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 67
Ертегілер жинағы: 5
Поэмалар: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 22
Аңыздар жинағы: 13

Балалық өлді, білдің бе?
Балалық өлді, білдің бе?Жігіттікке келдің бе?Жігіттік өтті, көрдің бе?Кәрілікке көндің бе?Кім біледі, сен кәпір,Баяндыдан сөндің бе,Баянсызға төндің..
©  Абай Құнанбаев
Шай үстіндегі әңгіме
Саттар мен Тоқтар - әскерде бірге болған жігіттер. Саттар үйленді. Үйленгеніне де аса көп уақыт бола қоймаған еді, бір күні Саттардың үйіне жанында..
©  Ғабиден Қожахмет
Ұлым қандай десеңіз...
Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны..
©  Ғабиден Қожахмет
Аралдың жігіттері
Емтиханға дайындайтын ақылы курста бұдан өзге төрт жігіт оқыған еді. Бұл жігіттердің төртеуінің де жасы - бұдан ересек. Осы жігіттердің ішінде..
©  Ғабиден Қожахмет
Жығылмасын махаббаттың жалауы
(жігіт сөзі)

Сезім сәттің айтсақ та оңай ұранын,
Өмір бір күн тоса қояр сұрағын -
Дедің-дағы, сол сезімнің Сен бірде
Биігі мен тауы не деп..
©  Ғабиден Қожахмет
Махаббат күні
Жігіт сөзі:

Жан сырымды көзімнен жалықпай ұқ,
Бөтен мінез ешқашан танытпайық.
Сыңарына сыр ашқан қос аққудай
Махаббаттың көгінде..
©  Ғабиден Қожахмет
Еркектің өзі - бір әлем
Болмады да тағдыр жолы өтімді,
Талай ару әлденеге өкінді.
Жігіт деген экспресс заулаған,
Ал арулар аялдама секілді.

Жігіт - жампоз, сол ғой..
©  Ғабиден Қожахмет
Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.
©  Мұхтар Әуезов
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
©  Мұхтар Әуезов
Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,
Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?
©  Міржақып Дулатұлы
Жігіттерге
Көрген мен көрмегенде көп парық бар,
Болмайды жігіт жақсы сыннан өтпей.
Үлкенге, кішіге де ілтипат қыл,
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей.
Ғибрат..
©  Міржақып Дулатұлы
Жігіттер
I
Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай
Жігіті душар келсе, жар болғандай.
Теңі емес бір фасыйққа берілсе ет
Көңілі көтерілмей зар болғандай.
Ғұмыры..
©  Міржақып Дулатұлы
Үйленіп жатқан жігітке
Құтты болсын қиған күнің некеңді,
Сезімдерің туыс қылды екі елді.
Отау құру - əр адамның парызы,
Сол парызың бүгін міне өтелді.

Қол ұстасып..
©  Саят Әбенов
Үйленіп жатқан жігітке тілек
Құтты болсын қиған күнің некеңді,
Сезімдерің туыс қылды екі елді.
Отау құру - əр адамның парызы,
Сол парызың бүгін міне өтелді.

Қол ұстасып..
©  Саят Әбенов
Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Балалық өтті дегенше — жігіттік жетті десеңші.
©  Жүсіп Баласағұни
Өмірдің гүлі — жігіттік шақ.
©  Жүсіп Баласағұни
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
©  Бауыржан Момышұлы
Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
©  Бауыржан Момышұлы
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
©  Бауыржан Момышұлы
Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім.
Жылқы жасы тісінен мәлім.
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
Ат жақсысы — шанада,
Жігіт жақсысы — саудада.