meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Батыр туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 153
Балаларға арналған тақпақтар: 13
Ақын өлеңдері жинағы: 211
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 21
Баталар жинағы: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 42
Ертегілер жинағы: 4
Поэмалар: 12
Шығармалар жинағы: 13
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 40

Батыр елінде,
Балық көлінде.
Батыр — елдің ажары,
Бал құрақ — көлдің ажары.
Орақшы орақ таңдамайды,
Батыр жарақ таңдамайды.
Қорқып, бұғып өлгенше
Тайсалмай, тауға шығып өл.
Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.
Батыл, батылдың ісі — мақұл.
Батыл болмай батыр болмас.
Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек.
Батыр қол бастар,
Көсем жол бастар,
Шешен сөз бастар.
Белдескеннің белін үз.
Тайласқанның тайын үз.
Жағым сынса да, сағым сынбасын.
Жау жоқта батыр көп,
Дау жоқта ақыл көп.
Батырдың басы да екеу болмайды.
Батырға таяқ та жарақ.
Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Алыссаң — атаң болса да жық,
Аясаң, көтеріп жібер.
Қорыққан бұрын жұдырықтар,
Шабан үйрек бұрын ұшар.
Қорқақты көп қусаң, батыр болады.
Батыр ортақ
Бақ жалқы.
Жалаң аттың жалымен,
Жалаң қылыш жүзімен.
Батыр — елдің сәулеті,
Бал құрақ — көлдің сәулеті.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты жыққан батырмыз.
Сексеніміз жиылып,
Серке жыққан батырмыз.
Үйде шешен, дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ.
Ел күйінгенде күйінген батыр.
Ел сүйінгенде сүйінген батыр.
Ерегісте мыңға татыр.
Батыр мақтанса,
Жауға шапқанын айтар,
Қу мақтанса,
Алдап қаққанын айтар.