Өлім туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 112
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 299
Қанатты сөздер жинағы: 84
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 30
Поэмалар: 3
Аңыздар жинағы: 5
Эсселер жинағы: 1

Жасырған кеселді өлім әшкерелейді.
Дұшпанға өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
Жапалақты таспен ұрса да,
Жапалақ өледі.
Жапалақпен тасты ұрса да,
Жапалақ өледі.
Болар-болмас өліпті,
Ат шаптырып қойыпты.
Қыбырсыз жатып өлгенше,
Қыбырлап атып өл.
Өлермен өгіз балтадан қорықпайды.
Дәрісі бардың кәрісі де өлмейді.
Зымыраған ғұмырға адам тоймас,
Мәңгі сүрмес, бір күні өлмей қоймас.
Елшіге өлім жоқ,
Күлде көмір жоқ.
Кемпірі өліп еді,
Кекірігі де таусылды.
Сенен де өлемін,
Сенімен де өлемін.
Өлімге төзгенге
Безгек түк емес.
Атақтының ұяты –
Кедей өлімінің бір аты.
Өлім тілесең – Ғиланға бар.
Қорқақтық — өліммен ағайын.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Ерлік өлім - ерді көбейтеді.
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
Қажы өлсе, түйеден жүк кемиді.
Өжет адам өлімді жеңеді.
Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі.
Ата өлсе де атаны көрген өлмесін.
Өлген келмес, төгілген толмас.
Тасты жапалаққа ұрсаң да жапалақ өледі,
Жапалақты тасқа ұрсаң да жапалақ өледі.
Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.