meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Аналар туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 34
Ақын өлеңдері жинағы: 29
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 30
Шығармалар жинағы: 4
Эсселер жинағы: 2

Өзің барда Анашым
Өзің барда Анашым, Қуанамын, күлемін. Жүрсең аман қасымда, Бақыттымын білемін.
©  Аналар күні
Аналарым жүрегім
Аналарым жүрегім, Бар жақсыны тіледім. Саулығыңыз мықты боп, Аман жүрші тілерім
©  Аналар күні
Аналарсыз күн қараң
Аналарсыз күн қараң, Олар біздің жанымыз. Сіздерменен аналар, Кірер біздің сәніміз.
©  Аналар күні
Ана деген асыл жан
Ана деген асыл жан, Мейірімді жүрегі. Ұйықтаса да, тұрса да, Бізді ойлап жүреді.
©  Аналар күні
Аналардың барында
Аналардың барында, Жандармыз ең бақытты. Аман жүрші Аналар, Күшті өткізіп уақытты.
©  Аналар күні
Анашым сен аман бол
Анашым сен аман бол, Гүлдей жайнап өмірің. Шаттана түс, қуана, Көтеріліп көңілің.
©  Аналар күні
Аяулы менің Анашым
Аналардың күнімен, Құттыұтаймын Анашым. Жадырай түс, жайнай түс, Аяулы менің Анашым.
©  Аналар күні
Жайнаңыздар Аналар
Жайнаңыздар Аналар, Күлімдей түс, шаршаман. Орындалсын лайым, Арманыңыз аңсаған.
©  Аналар күні
Аналарым асылым
Құтты болсын мерекең, Аналарым асылым. Шын жүректен тілейміз, Өмірдің ең асылын.
©  Аналар күні
Аналардың күнімен құттықтаймын
Ақ жаулықты Аналар мейірімді, Бар жақсыны тілейміз сіздерге мен. Аналардың күнінен құттықтаймын, Бақытты Ана болыңыздар өмірде ең.
©  Аналар күні
Анашымсың асылым
Анашымсың асылым, Құтты болсын мерекең. Аналардың күнінде, Арта берсін берекең. 
©  Аналар күні
Өзіңіздей Анашым
Өзіңіздей Анашым, Мейрімді жан барма екен? Өзің барда Анашым, Жайнай түсер бар мекен.
©  Аналар күні
Аналардың күнімен құттықтаймын
Асыл анам жан анам,  асыл анам, Аналардың күнімен құттықтаймын. Күлім қағып жүзіңіз,  гүлдей жайнап, Ортамызда аман боп жүрші әрдайым.
©  Аналар күні
Анашым менің Анашым
Анашым менің Анашым, Ерекшесің,  дарасың. Саулығыңыз мықты боп, Аман жүрші Анашым.
©  Аналар күні
Ауырмаңыз Анашым
Ауырмаңыз Анашым, Гүлдей жайнап жүзіңіз. Орнамызда әрдайым, Аман-есен жүріңіз.
©  Аналар күні
Анашымсыз мейрімді
Бар жақсыны тілейтін, Анашымсыз мейрімді. Анашым-ау білеміз, Аппақ адал пейліңді.
©  Аналар күні
Анашым  сен ардағым
Анашым  сен ардағым, Орындалсын арманың. Саулығыңыз мықты боп, Сәтті атсын таңдарың.
©  Аналар күні
Апалардың күні бұл
Аналардың күні бұл, Құтты болсын Анашым. Жайнап жылы жүзіңіз, Аман жүрші Анашым.
©  Аналар күні
Ден сау болып Анашым
Ден сау болып Анашым, Амандықта жүр лайым. Күлімдей түс, шаттана, Жүзің  жайнап әрдайым.
©  Аналар күні
Аман жүрші Анашым
Аман жүрші Анашым, Көңіліңіз гүл жайнап. Аналардың күнінде, Қуанышта жүр ойнап.
©  Аналар күні
Жадыраңыз Анашым
Жадыраңыз Анашым, Әр күн сайын күлімдеп. Қуанышта,  шаттықта, Жайнай түссін жүзің тек.
©  Аналар күні
Аналардың күнінде
Анашым-ау мейрімді, Шаттық болсын жүзіңде. Қуана түс Анашым, Аналардың күнінде. 
©  Аналар күні
Анашым-ау ардақты
Анашым-ау ардақты, Құтты болсын мерекең. Аналардың күнінде, Арта берсін берекең.
©  Аналар күні
Аналардың күнімен
Құттықтаймын Анашым, Аналардың күнімен. Ортамызда жүрші аман, Күлкі кетпей жүзіңнен.
©  Аналар күні
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын Анашым, Аналардың күні бұл. Ортамызда күлімдеп, Анашым-ау аман жүр.
©  Аналар күні