Кілт туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 3
Жұмбақтар жинағы: 12
Ақын өлеңдері жинағы: 16
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 2
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік
Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік,таты кеткен топсамен тұр тіресіп:біздің үйдің кішкентай патшаларыкіріп-шығып жүреді дүркіресіп.Жабылмайды құлпы да..
©  Фариза Оңғарсынова
Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі:– Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа:– Қай..
Сөз - кілт секілді. Ретін тауып, кез келген жүректің құлпын ашуға және кез келген ауызды жабуға болады.
Кiшкентай кiлтпен үлкен сандықты ашуға болады.
©  Расул Ғамзатов
Өзі темір,
Өзi жеңіл.
Есіктерді
Ашар не бip.

Жауабы: Кілт
Жылжымалы жақ,
Бұлжымалы жақ.
Оңға бұрап бақ,
Солға бұрап бақ —
Үлкенге де шақ,
Кішіге де шақ.

Жауабы: Универсал кілт
Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын.

Жауабы: Скрипка кілті
Көмейлете інді,
Сүңгітіп ем тілді.
Темір кісен діні,
Кейін қарай шегінді.

Жауабы: Кілт
Шешесі үйде қалады,
Баласы кісіге ереді.

Жауабы: Құлып, кілт
Жоғарыдан айдаған,
Белін берік байлаған.
Сидам құлға жолықсаң,
Өз еркіне қоймаған.

Жауабы: Кілт
Шырт-шырт етеді,
Шыртылдап барып, кіріп кетеді.

Жауабы: Кілт
Алыстан қаңғыр-күңгір,
Жақыннан бұрау темір.

Жауабы: Кілт
Жол бермес жүрейін деп жалынсаң да,
Естімес айтқан сөзді бағынсаң да,
Қақпақты қаққан қазық иір тұмсық,
Ешқандай жақындамас бөтен..
Сұлулық – жүрек кілті.
Шаттық кілті – сабырлық.
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.