Бәле туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 24
Жұмбақтар жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 6

Шұбалаң жолдан,
Бәлекет тілден.
Бәле қайда деме,
Аңламасаң, аяқ астында.
Мақтанған тілге – мың бәле.
Үндемеген
Үйдей бәледен құтылады.
Ермек қуған
Бәлеге жолығады;
Еңбек қуған
Қазынаға молығады.
Үндемегеннің ішінде,
Үйдей бәле жатады.
Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған бәлеге жолығады.
Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.
Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.
Бәледен машайық та қашыпты.