Ғарышкер туралы  ✍️


Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 2
Балаларға арналған тақпақтар: 42
Ақын өлеңдері жинағы: 21
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 18
Әңгімелер жинағы: 6
Шығармалар жинағы: 5
Эсселер жинағы: 1

Мақтанышы елімнің
Мақтанышы елімнің, Ғарышкерлер айбынды. Мен де солай боламын, Мерейі асқақ,  айбыны.
©  Ғарышкерлер күні
Жауынгердей мықтылар
Сапар шеккен ғарышқа, Тоқтар,  Талғат, Айдыным.Жауынгердей мықтылар,Ойлар елдің жайлығын.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер қазақтың
Ғарышкерлер қазақтың, Тоқтар, Талғат, Айдыным. Сапар шеккен ғарышқа, Асқақ етіп айбынын.
©  Ғарышкерлер күні
Мен де батыр баламын
Ғарышқа ұшар аттанып, Мен де батыр баламын. Тоқтар,  Талғат, Айдындай, Ғарышкер мен боламын.
©  Ғарышкерлер күні
Мен ғарышкер боламын
Тоқтар,  Талғат ағадай, Мен Ғарышкер боламын. Ғарышқа ұшып Айдындай, Қанат жайып қонамын.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерді білеміз
Ғарышқа ұшқан қазақтан, Ғарышкерді білеміз. Тоқтар,  Талғат,  Айдын деп, Айтып,  мақтап жүреміз
©  Ғарышкерлер күні
Тоқтар аға ғарышкер
Тоқтар аға ғарышкер, Батылдығы бір бөлек. Елден ұшқан ең алғаш, Көш бастайтын ер бөлек.
©  Ғарышкерлер күні
Бір ерекше жан олар
Ғарышқа ұшқан тайсалмай, Бір ерекше жан олар. Батылдығы келіскен, Жүрек жұтқан мықтылар.
©  Ғарышкерлер күні
Мақтанышы қазақтың
Сапар шеккен ғарышқа, Мақтанышы қазақтың. Тоқтар, Талғат,  Айдыным, Үштік ұлы қазақтың.
©  Ғарышкерлер күні
Мақтанышы қазақтың
Ғарышкерлер мықтылар, Мақтанышы қазақтың. Ғарышқа олар сапарлап, Сыйлай білді ғажап күн.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер жүректі
Сапар шеккен ғарышқа, Ғарышкерлер жүректі. Зерттеулерін жүргізген, Сыбап алып білекті.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер мықтылар
Ғарышқа ұшып ерлеген, Ғарышкерлер мықтылар. Ғарышкерлер жасасын, Ғарышқа ұшып үн қылар.
©  Ғарышкерлер күні
Айдыны бар үшінші
Сапар шеккен ғарышқа, Айдыным бар үшінші. Мақтанышы қазақтың, Ғарышкерлер түсінші.
©  Ғарышкерлер күні
Талғат Мұсабаев
Ғарышқа ұшқан екінші, Қазағымның жерінен. Мұсабаев Талғат ол, Бірге әркез елімен.
©  Ғарышкерлер күні
Тоқтар біздің ғарышкер
Шыққан алғаш қазақтан, Тоқтар біздің Ғарышкер. Бір апта аса Ғарышта, Болған нағыз намысты ер.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер қазақтың
Гагариннің ізімен, Сапар шеккен ғарышқа. Ғарышкерлер қазақтың, Зерттеу қылған ғарышта.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні осы
Он екінші сәуір бұл, Ғарышкерлер күні осы. Сапар шеккен Ғарышқа, Ең атаулы күні осы.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні
Он екінші сәуірде, Ғарышқа ұшты Гагарин Ең алғашқы Ғарышкер, Тарихқа енді Гагарин! 
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күнімен
Құттықтаймын қазағым, Ғарышкерлер күнімен. Шын жүректен тілеймін, Бар жақсыны жырыммен. Тоқтар, Талғат, Айдының, Ғарышкерлер қазақтың. Ел мерейін..
©  Ғарышкерлер күні
Айдыныңдай ұл өссе
Уа, ағайын, халайық, Келсеңші ән салайық. Ғарышкерлер күнінде, Жұлдыздайын жанайық! Айдыныңдай ұл өссе, Қуанар еді қазағым. Ғарышкерлер күніндеАрта..
©  Ғарышкерлер күні
Талғат аға Ғарышкер
Құтты болсын деп келдім, Талғат аға мерекең. Он екінші сәуір бұл, Артсын лайым берекең! Сендей ұлдар көбейсін, Рекорд жасар Ғарышта. Артсын мерей..
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер сен барда
Қазақ үшін аянбай еңбек еткен, Ғарышкерлер сіздермен мақтанамыз. Амандықта болыңдар, Ғарышкерлер, Сіздерменен қуанып, шаттанамыз. Ғарышқа ұшқан..
©  Ғарышкерлер күні
Құтты болсын қазағым
Құтты болсын қазағым бүгінгі күн, Ғарышкерлер күні бұл — бір ғажайып. Гагариннің қаймықпас ізін басқан, Ғарышкерлер қазақтың таңғажайып. Тоқтар менен..
©  Ғарышкерлер күні
Құтты болсын тілейміз
Құтты болсын тілейміз шын жүректен, Ғарышкерлер күнінде барша жанға. Гагариннің ғажайып ізін басқан, Ғарышкерлер жасасын әрқашанда. Он екінші сәуірде..
©  Ғарышкерлер күні
Құтты болсын ұлы күн
Он екінші сәуірім есік ашқан, Құтты болсын Ұлы күн келіп жеткен. Ғарышкерлер сіздерге бас иеміз, Көп болсын деп күндерің көңілді еткен. Жасай берші..
©  Ғарышкерлер күні