Қартаю туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 20
Қанатты сөздер жинағы: 7

Қартаю зерігерлі, бірақ ол ұзақ өмір сүрудің жалғыз жолы.
 
©  Бернард Шоу
Ақиық қыран қартайса,Жас жағалтайдан тепкі жейді. 
©  Майқы би
Қыран қартайса, жағалтайға жаутаңдар. 
©  Майқы би
Қартайғанда қатының дұшпан болды
1
Қартайғанда қатының дұшпан болды,
Баласымен бірігіп қысқан болды.
Келін деген бір дұшпан тағы шығып,
Біреуі іштен, біреуі тыстан..
©  Көтеш Райымбекұлы
Сен қартайды дегенге
Сен қартайды дегенге мен сенбеймін,
Әжімменен кәрілік өлшенбейді.
Әжім деген - әйгілі тамшы-уақыт,
Тамшы-уақыт тасты да жеңсем дейді.
Шаршама..
©  Мұқағали Мақатаев
Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.
©  Бөкен би
Ат шаршағанын сезбейді,
Көсе қартайғанын сезбейді.
Бүркіт қартайса — тышқаншыл.
Адам өзінен кейінгілерді
Көріп қартаяды.
Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.
Ат қартайса
Жасқаншақ болады
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.
Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.
Ер қартайса, қазаншы болады,
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.