Жаңа жыл туралы ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 12
Жұмбақтар жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 129
Ақын өлеңдері жинағы: 131
Қанатты сөздер жинағы: 9
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 140
Баталар жинағы: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 5
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 10
Эсселер жинағы: 3
Аяз ата ақшақар
Аяз ата, ақшақар, Келді жаңа жылымыз. Ақшақардай әдемі, Болсын жаңа күніміз.
© Жаңа жыл
Аяз ата, жаңа жыл
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата барсыз ба? Жаңа жылды тойлатар, Бір ерекше жансыз ба? Сіз деп тақпақ айтамын, Тұрып алып қасыңа. Суретке бір түсейік..
© Жаңа жыл
Жаңа жыл құнды сенімен
Аяз ата келіңіз, Дайын сізге төріміз. Тақпақ айтам, ән айтам, Сыйлығымды беріңіз.
© Жаңа жыл
Аяз ата әнекей
Құтты болсын жаңа жыл, Аяз ата әнекей. Ән айтайық, билейік, Ал достарым қәнекей.
© Жаңа жыл
Келді жаңа жылымыз
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата төрімде. Келді жаңа жылымыз, Бақыт сыйлап еліме.
© Жаңа жыл
Аяз ата келіңіз
Аяз ата келіңіз, Оң аяқпен еніңіз. Өнерлі бар балаға, Сыйлығыңды беріңіз.
© Жаңа жыл
Атсын жайнап таңымыз
Қоян жылы күлімдеп, Атсын жайнап таңымыз. Аман болып қазағым, Жана берсін бағымыз...
© Жаңа жыл
Тыныш болсын еліміз
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылды тойлайық. Тыныш болып еліміз, Жарқырайық, жайнайық.
© Жаңа жыл
Жарқыраймыз, жанамыз
Келді жаңа жылымыз, Жарқыраймыз, жанамыз. Қоян жылын қарсы алып, Әсем әнге саламыз.
© Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл, Қоян жылы келген бұл. Аппақ қоян сыйласын, Қуанышын берген күн.
© Жаңа жыл
Атты жаңа таңымыз
Қоян жылы келіп бұл, Атты жаңа таңымыз. Құтты болып жаңа жыл, Жарқырасын жанымыз.
© Жаңа жыл
Қоян жылы бақ болсын
Қоян жылы бақ болсын, Шаттығымен тербейтін. Қоян жылы болсын жыл, Жаманға жол бермейтін.
© Жаңа жыл
Жаңа жылда жайнаңыз
Қоян жылы ашты есік, Жаңа жылмен үндесіп. Жаңа жылда жайнаңыз, Ынтымақта бірлесіп.
© Жаңа жыл
Келді қоян жылымыз
Құтты болсын жаңа жыл, Келді қоян жылымыз. Қоян жылы тыныш боп, Шықсын жарқын үніміз.
© Жаңа жыл
Мен қоянмын, қоянмын
Мен қоянмын, қоянмын, Иесімін бұл жылдың. Биыл менің жылымда, Таусылмасын ән, жырың.
© Жаңа жыл
Жаңа жылым кеп қалды
Жаңа жылым кеп қалды, Ақ қоямен қараңыз. Қоян жылы бірлікте, Жайнай берсін арамыз.
© Жаңа жыл
Жаңа жылым кеп жетті
Ақ қоянын жетелеп, Жаңа жылым кем жетті. Ақ қоянның жылы бұл, Әлеуметті теңді етті.
© Жаңа жыл
Бақыт, шаттық орнасын
Қоян жылы ашты есік, Бақыт, шаттық орнасын. Жақсылықтар үн қосып, Таба берсін жалғасын.
© Жаңа жыл
Жаңа жылда жайнайық
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылда жайнайық. Қанат байлап биікке, Қыран құстай самғайық.
© Жаңа жыл
Қоян жылы ашты есік
Қоян жылы ашты есік, Құтты болсын жаңа жыл. Аман болсын еліміз, Бақыт сыйлап жаңа күн.
© Жаңа жыл
Келді міне қоян жыл
Келді міне қоян жыл, Құтты болсын қазағым. Қоян жылы құлпырып, Арта берсін ажарың.
© Жаңа жыл
Бақ-береке орнасын
Жаңа жылда, жаңа күн, Бақ-береке орнасын. Жиырма үшінші жылымыз, Жақсы күнді жалғасын.
© Жаңа жыл
Жаңа жылдың тәтті әні
Құтты болсын жаңа жыл, Жиырма үштің ақ таңы. Шырқалсыншы жаңадан, Жаңа жылдың тәтті әні.
© Жаңа жыл
Ұстазым жаңа жылыңмен
Құтты болсын ұстазым, Жаңа жылың кеп жеткен. Жиырма үшінші жыл сізге, Берсін күнін нұрлы еткен.
© Жаңа жыл