meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Наурыз мейрамы туралы  ✍️


Басқа: 2
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 75
Ақын өлеңдері жинағы: 19
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 83
Баталар жинағы: 19
Әңгімелер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 8
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 6

22 Наурыз - Наурыз мейрамы балаларға арналған тақпақтар жинағы
1) Наурыз келдіНаурыз келді қуантып, Жанды баурап гүл көктем. Жылдың басы қазақтың, Айналаны гүлді еткен.2) Жыл басы НаурызЖылдың басы Әз-Наурыз..
©  Жібек Ысқақова
Көңіліміз тоқ болсын!
Құтты болып Наурызым, Уайым-қайғы жоқ болсын! Ұлыс оң боп, ақ мол боп, Көңіліміз тоқ болсын!
©  Наурыз мейрамы
Жаңа жылым, наурызда
Жаңа жылым, Наурызда, Атты сәтті таң күліп. Бар айнала жанданып, Құлпыруда жаңаша.
©  Наурыз мейрамы
Арайлы таң сыйласын
Наурыз, жаңа жылымда, Бақ сыйласын жаңа күн. Арайлы таң нұр сыйлап, Күлімдесін күн мен түн.
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын мереке
Наурыз келді халайық, Құтты болсын мереке. Мерекеде жандана, Арта берсін береке.
©  Наурыз мейрамы
Көңіліміз жандансын
Ұлыстың ұлы күнінде, Көңіліміз жандансын. Бақ-береке орналып, Бар жақсылық таңдалсын.
©  Наурыз мейрамы
Қуаныштар көп болсын
Қазақтың наурыз тойында, Қуаныштар көп болсын. Ақ тілектер айтылып, Көңіліміз тоқ болсын!
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын халайық
Құтты болсын, халайық, Наурызымыз кеп жеткен. Күн менен түн теңелер, Самал желі тербеткен.
©  Наурыз мейрамы
Наурыздың бұл тойында
Наурыздың бұл тойында, Көңілді күй тербеді. Жылдың басы жаңа жыл, Жарқынды сәт, күй берді.  
©  Наурыз мейрамы
Әсем әнге
Наурыз келді ағайын, Жұлдыздайын жанайық. Ұлыстың ұлы күнінде, Әсем әнге салайық.
©  Наурыз мейрамы
Нұрға бөлеп елімді
Хош келіпсің, Наурызым, Нұрға бөлеп елімді. Шаттығыңды бере бер, Қуандырып жерімді.
©  Наурыз мейрамы
Ұлыс оң болсын
Құтты болсын, қазағым, Наурыз жаңа жылың бұл. Қуанышпен тербесін, Енген жаңа күнің бұл.
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын, Наурызым
Көктемменен бір келген, Хош келіпсің, Наурызым. Жақсылыққа басташы, Жылдың басы, Наурызым!
©  Наурыз мейрамы
Хош келіпсің, Наурызым!
Хош келіпсің, Наурызым, Бірге еніп көктеммен. Көк майсасы баурайды, Жасыл-желек көмкерген.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жаңа күн
Наурыз келді, жаңа күн, Жылдың басы жаңа жыл. Күн менен түн теңелер, Төбемізден шашып нұр.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, нұр келді
Наурыз келді, нұр келді, Ән менен бір жыр келді. Наурыз тойын тойлайтын,.Қуанатын күн келді.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жыл келді
Наурыз келді, жыл келді, Бар айнала гүлденді. Табиғатым оянып, Бар айнала түрленді.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді жадырап
Наурыз келді жадырап, Табиғатым тіріліп.Күн менен түн теңесті,Айналамыз құбылып.
©  Наурыз мейрамы
Хош келдің Наурыз
Хош келдің, Наурыз! Мерекесі қазақтың. Жылдың басы, жаңа жыл, Жаңа күнім, ғажабым.
©  Наурыз мейрамы
Қозы-лақтар жамырап
Көктем келді достарым, Қозы-лақтар жамырап. Күн менен түн теңелді, Наурызымды қабылдап.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жыл басы
Наурыз келді, жыл басы, Қуантып бар халықты. Елдің тойы наурыз той, Мерейі үстім, данықты.
©  Наурыз мейрамы
Көктем келді, Наурызым!
Көктем келді, Наурызым, Күн менен түн теңесіп. Көк майсасы, бұраң бел, Отырғандай кеңесіп.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді жаңа жыл
Наурыз келді, жаңа жыл, Жылбасы бұл, жаңа күн. Күн мен түнім теңеліп, Күлім қағып әне тұр.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз әні шырқалып
Наурыз айы шырқалып, Айнала сән құрады. Жаңа жыл бұл, жаңа күн, Таусылмайтын жыр, әні.
©  Наурыз мейрамы
Әз-Наурызым
Әз-Наурызым той-думан, Салт-дәстүрім жаңғырған. Бүкіл халық тойлайды, Шашу шашып ән-жырдан.
©  Наурыз мейрамы