Әріптер туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 9
Жұмбақтар жинағы: 33
Балаларға арналған тақпақтар: 11
Ақын өлеңдері жинағы: 6

Бұлтта бар,Айда жоқ.Құлыпта бар,Кілтте жоқ.(Қ)
Өрікте бар,Анарда жоқ.Өнерде бар,Білімде жоқ. (Ө)
Әлиде бар,Арманда жоқ.Әселде бар,Анарда жоқ.(Ә)
Тілде бар,Таста жоқ.Тісте бар,Көзде жоқ.(І)
Әжемде бар,Атам да жоқ.Жеңгемде бар,Ағамда жоқ.(Ж)
Қарғада бар,Көкекте бар.Сырғада бар,Моншақта жоқ.(Ғ
Аңда бар,Анада жоқ.Таңда бар,Табада жоқ.(Ң)
Нанда бар,Майда жоқ.Ұнда бар,Шайда жоқ.(Н)
Мысықта бар,Тышқанда жоқ.Маймылда бар,Үкіде жоқ.(М)
ТОН
«Т»-дан бастап оқысаң,Киетұғын тон болам.«О»-дан бастап оқысаң,Сан түріндегі он болам.Кисең-дағы тон жаман,Алдан көрін он қадам. 
©  Құл-Керім Елемес
ШАҚ
«Ш»-дан бастап оқысаң,Дәп-дәлдегі шақ болам.«А»-дан бастап оқысаң,Түстің түрі ақ болам.Дәл шақтап ки киімді,Ақтап ұста үйіңді.
©  Құл-Керім Елемес
БІЛІМ
«Б»-дан бастап оқысаң,Білім болам алатын.«І»-ден бастап оқысаң,Артқа іліммін қалатын.Жақсы білім алғаның,Артқа ілім боп қалғаның.
©  Құл-Керім Елемес
ТЕҢ
«Т»-дан бастап оқысаң,Атқа теңдер тең болам.«Е»-ден бастап оқысаң,Кереметтегі ең болам.Ел теңдігі һәм тағы,Теңдік белгі мен болам.Келсе мықты ең..
©  Құл-Керім Елемес
АБАЙ
«А»-дан бастап оқысаң,Абай атаң атымын.«Б»-дан бастап оқысаң,Бай болам, бар асылым.Абайлатам тағы даТалай істі жасырын.Ұқсау үшін Абайға,Алды-артыңды..
©  Құл-Керім Елемес
БАҚША
«Б»-дан бастап оқысаң,Жұрт серуендер бақшамын.«А»-дан бастап оқысаң,Ел ырысы – ақшамын.Алып билет ақшаға,Кірген жақсы бақшаға.
©  Құл-Керім Елемес
САБАҚ
«С»-дан бастап оқысаң,Оқитұғын сабақпын.«Б»-дан бастап оқысаң,Ру аты Абақпын.Қасқыр аулар үй, білгінЕскі мәні Абақтың.Білдің мәнін Абақтың,Жақсы оқы..
©  Құл-Керім Елемес
СҰЛТАН
«С»-дан бастап оқысаң,Ел ағасы сұлтанмын.«Ұ»-дан бастап оқысаң,Табандағы ұлтанмын.Болғанша өзге ел сұлтаны,Бол еліңнің ұлтаны.
©  Құл-Керім Елемес
Сөз ішіндегі сөз
СҰЛТАН«С»-дан бастап оқысаң,Ел ағасы сұлтанмын.«Ұ»-дан бастап оқысаң,Табандағы ұлтанмын.Болғанша өзге ел сұлтаны,Бол еліңнің ұлтаны.САБАҚ«С»-дан..
©  Құл-Керім Елемес
Әріптер жыры
«А» дегенім ата,«Б» дегенім бата.«Қ» дегенім қарбыз,«Ж» дегенім жалбыз,«Т» дегенім түйме,«К» дегенім күйме.«С» дегенім сәбіз.«Д» дегенім дәліз,«Г»..
©  Жәди Шәкенұлы
А,Ә,Б
А- деген ол аналар ғой, ардақтыӘ- деген ол әкелер ғой салмақтыБ- деген ол балалар ғой әдеміБіздің елде үшеуі де кәделіСондықтан да алшақ кетпей..
1) Ұлттың қуаты – тілінде.
2) Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.
3) Ұстаны соққан пышағынан танисың.
1) Тымырсық болса, ер оңбас,
Тонға жатса мал оңбас.
2) Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
3) Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
4)..
1) Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.
2) Қатының жаман болса,
Кісі алдында тіл қатпа.
3) Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.
4) Қыран құс қисық..
1) Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.
Елге сыймас кер жаман,
Егінсіз болса жер жаман.
2) Өлімнен ұят күшті.
3) Өз елінің иті де..
1) Жаманға ошақтың үш бұты,
Үш айлық жол.
2) Жапа шегіп, жай жату
Жасықтықтың белгісі,
Ерте жатып, кеш тұру
Пасықтықтың белгісі.
3) Жаман өзен..