Түтін туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 7
Жұмбақтар жинағы: 17
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 21
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 2

Өз ошағыңның түтіні көзіңді ашытпайды.
Тарбағатай түтіні
Жалаң аяқ жарысқанАйналаның тал бәрі,Айдалада арыстан —Тарбағатай таулары.Жаңа ғана шудасынЖаңбыр жуып өткендей.Жаңа ғана шың басынСамал тарап..
©  Сырбай Мәуленов
Түтін
Суық түннен тұрмақшы,Таңда бақты тоңдырмақ.Жас алманы ұрмақшы,Жас өмірді солдырмақ.Отын тасып арқалап,Ана тынбай күтінді.Алма ағашын қалқалап,Салды..
©  Сырбай Мәуленов
Табиғат тазалығы
Таза ауаға кешегі кім шанады?!.Түтін, тұман аспанды тұмшалады.Кір шалады қанатын аққулардың,Соны ойласаң көңілді кір шалады.Сексеуілдің орнында көмір..
©  Қадыр Мырза Әли
Барша болмыс түтінге айналса, онда біз оны тек иіскеу арқылы ғана ажырата алар едік. 
©  Гераклит
Паровоздың түтіні будақ-будақ,Жолаушылар барады улап-шулап.Паровоздың түтіні будақ-будақ,Анда-санда қояды тулап-тулап.
От пен түтін, адам мен қылмыс – жатырлас.
 
©  Асқар Сүлейменов
Шудалары желпеңдеп,
Үйден шығып жатады,
Көкке өрлейді көлбеңдеп,
Бұлт болып батады.

Жауабы: Түтін
Үй үстінен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе ішінен,
Із-тұз жоқ боп тынады.

Жауабы: Түтін
Атасы аяғын кигенше,
Ұлы базарға барып қайтар.

Жауабы: Түтін
Ұзыннан ұзақ,
Көкке тұзақ,
Балапан жапырақ,
Батпан топырақ.

Жауабы: Түтін мен күл
Көк лағым көлеңкеде сүйретіліп барады.

Жауабы: Түтін
Көк өгізім жүреген,
Мүйізін көкке тіреген.

Жауабы: Түтін
Көк итім көкке қарап ұлиды.

Жауабы: Түтін
Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы,
Желкілдейді шудасы.

Жауабы: Түтін
Жұмбағым жұтылды,
Көкке қарай тұтылды.

Жауабы: Түтін
Үй үстінде ақ аю билеп тұр.

Жауабы: Түтін
Қарны жуан қампайған,
Серейіп бойы талтайған.
Ерте-кешке бір жазық,
Тапа-тал түсте жантайған.

Жауабы: Түтін
Көк көйлекті жеңешем
Көлбең-көлбең етеді,
Артындағы баласы
Елбең-елбең етеді.

Жауабы: Түтін
Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан..
Ұзыннан ұзақ,
Көкке тұзақ.

Жауабы: Түтін
Шешесі мәсісін кигенше,
Қызы Мәскеуге барып қалды.

Жауабы: Түтін
Бір нәрсе ұшқан сайын жоғарылаған,
Бір ұшса жерге қайтып қона алмаған.
Орнында баяндайтын бір мақлұқат,
Оларға тиген жандар сау..
Қызыл сиырды байлап салдым,
Көк сиырды айдап салдым.

Жауабы: От, түтін
Түтінсіз жалын болмас,
Кінәсіз ұлан болмас.