Таяқ туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 15
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 12
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 1

Әйелдер туралы
Шопанның ұшырамаңдар таяғына,Мұны ерте сөйлегенмін баяғыда.Бас жағынан шығуға тырысыңдар,Жүрмеңдер сырғып кетіп аяғына.Ақыл - шам, керек оған май мен..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Кәрілік шіркін не қылмас
Кәрілік шіркін не қылмас,Аяғың қалар басылмай.Қолыңа таяқ ұстатар,Бүгілер белің жазылмай.Келіндерің келгенде,Аузың қалар ашылмай.Уақыттың ісі..
©  Бұқар жырау
Кәрілікке таядым,
Үшеу болды аяғым.

Жауабы: Қол таяқ
Бір нәрсе иілмейді күйеу дейін,
Болады қанша жанға сүйеу дейін.
Бармақтай басқан ізі сол хайуанның,
Басады аттап-аттап түйе дейін.

Жауабы: Таяқ
Басқан жері бармақтай,
Аттаған жері атандай.

Жауабы: Таяқ
Бойы түйедей,
Ізі түймедей.

Жауабы: Таяқ
Барады да барады,
Теңгедей жерді алады.

Жауабы: Таяқ
Бек болмаған бек болса,
Таяқ кетпес басыңнан.
Жеткеннен – таяқ,
Жетпегеннен – жұдырық.
Айуанға – таяқ,
Адамға – ишарат.
Баяғы, баяғы –
Байқожаның таяғы.
Жақсыны сөз өлтірсе,
Жаманды таяқ өлтіреді.
Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жауды жеңдім дей бер.
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.
Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.
Тәуекел тас жарады,
Таяқ бас жарады.
Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның.

жауабы
Таяқ - Аяқ
Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.
Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.
Жеген сайын жылататын нәрсе?