Мылтық туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 8
Жұмбақтар жинағы: 17
Ақын өлеңдері жинағы: 18
Қанатты сөздер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 1

Мылтықсыз майдан
Есіл ерлер! Сендерге Алатаудай ескерткіш орнатса да лайық...
Онымен де орындарың талмайды... "Талапты" ауылынан қан
Автор     ..
©  Шерхан Мұртаза
Естеріңізде болсын, пышақтан да, балтадан да, тіпті мылтықтан да қорғануға болады. Бірақ мүмкіндік болса, қашып кетуге тырысыңыз. Алды-артыңызға..
©  Сергей Довлатов
Күшік асырап, ит еттім
Күшік асырап, ит еттім,Ол балтырымды қанатты.Біреуге мылтық үйреттім,Ол мерген болды, мені атты. 
©  Абай Құнанбаев
Оққа байланған жауынгер
Мектептегі мұғалімдік жұмысының алғашқы жылы еді. Бірде мектептің тәрбие завучы бұған: "Жүр, екеуміз класта өткелі жатқан кездесуге барып, қатысып..
©  Ғабиден Қожахмет
Өмір-өмір өмірден,
Жаққан оты көмірден.
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.

Жауабы: Мылтық, оқ
Қара күшігім қаңқ етті,
Дауысы Бұхарға жетті.

Жауабы: Мылтықтың даусы
Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды?

Жауабы: 0, қалғандары ұшып кетті
Қос құбыр,
Аузына іліккен,
Тез құрыр.

Жауабы: Мылтық
Темір жатыр ағаштың арқасында,
Жап-жалтыр қара шойын шыға қашар,
Әкесі ашуланса баласына.

жауабы
Мылтық
Қара күшігім қанқ етті,
Даусы Бұхарға жетті.

жауабы
Мылтықтың даусы
Қуыс қурайдың басынан
Құтырған торғай ұшты.

жауабы
Мылтықтың оғы
Жылт, жылт еткен,
Жырғадан өткен.

жауабы
Мылтықтың оғы
Өмір-өмір,өмірден,
Жаққан оты көмірден,
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.

жауабы
Мылтық, оқ
Көз алдыма әкелсем,
Алыс жерге түкірген.
Ебін тапсаң инедей,
Айтқан жерден түйрелген.
жауабы
Мылтық, оқ
Тау тарс етті,
Күн гүрс етті.
Жырадағы жылқы үрікті,
Жымда жатқан түлкі үрікті.

жауабы
Мылтық
Дауыстап жаһанда ақырғанда,
Баласы қайта келмес шақырғанға.

жауабы
Мылтық
Алып соғып арс етті,
Даусы Самарқанға жетті.

жауабы
Мылтық
Бас бармағы бармақтай,
Бақырғаны тайлақтай.

жауабы
Мылтық
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
жауабы
Мылтық
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен..
Мылтық марқаймайды,
Білім қартаймайды.
Оқталмаған мылтық та,
Тоқтатуға жарайды.
Бір мылтықтың аузына
Мың кісі сияды.
Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
Оқтаулы мылтық
Мың күн тұрса, өзі атылады.