С әрпі туралы  ✍️


Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар жинағы: 30

Сендегі басты бас деп,Әрі алғыр, әрі жас деп,Алғаның кәрі мәстек,Ол босқа ішеді ас тек.
Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақтыМен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей,Кiм тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейдi.
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм,Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм.
Сүт бетiнде май балқаймақ,Ол қай май балқаймақ?Балдан тәттi бал майқаймақ.
Сыздық судан сүлiк сүздi,Сыздықтың сүлiк салмасын үздi.Салмадан сүлiк шығып сытылыпСуға түсiп, сумаңдап жүздi.
Сенсең,Бейсенде бар сеңсең тон,Сейсенде бар сеңсең тон,Кигендері өңшең тон.
Сең сел емес,Сел сең емес.Мен сен емес,Сен мен емес.
Сулы жерде жалбыз бар,Жалбызға сен жалғыз бар.Жалғыз бар да, жалбызды ал.Суда сең келеді,Сегіз серке тең келеді.
Сорпа іштік,Сорпа ыстық.Сондықтан қорқа іштік.
Сегіз семіз серке,Семіз сегіз ерке.Сегізі де егіз,Семізі де сегіз.