meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Көр туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 21
Ақын өлеңдері жинағы: 9
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.
Дәулес төрін бермейді,
Өлсе – көрін бермейді.
Ер көрге де күліп кіреді.
Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.
Ер көретінін көрмей
Көрге кірмейді.
Өлсем мейлі көріне,
Бір шығайын төріне.
Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.
Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.
Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.